Өзекті жаңалықтар мен анонстар
31/12/2025
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылдың қорытындыларын назарларыңызға ұсынады. Биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасын жетілдіру бойынша маңызды өзгерістер жүзеге асты.
Атқарылған жұмыстар бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып, үміткерлердің кәсіби дамуына, білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аймақтық академиялық хабы ретіндегі халықаралық беделін нығайтуға бағытталғанмаңызды қадамдар болды.
Бұл жұмыстар 2026 жылы да жалғасып, қолданыстағы жобаларды әрі қарай дамыту және ...
29/12/2025
Нурушева Гүлмира Келдыбаевна – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, PhD докторНурушева Гүлмира Келдыбаевна – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, PhD доктор. Ағымдағы уақытта ол А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор ассистенті болып қызмет етуде.
Гүлмира Нурушева Қазан (Еділ бойы) федералдық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында ол заманауи педагогикалық инновациялар саласында берік ғылыми-теориялық және практикалық негіз қалыптастырып, зерттеушілік құзыреттерін едәуір кеңейтті, біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сондай-ақ халықаралық ғылыми конференцияла
27/12/2025
«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізіміШетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Олардың ішінде 152 адам магистратурада білім алуға, 16 үміткер докторантура бағдарламаларына жолдама алды. Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.
Бағдарламаның салалық құрылымы да мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын айқын көрсетіп отыр. Мәселен, стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.
Соным
25/12/2025
Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім аладыМемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгерді. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді: кешенді тестілеу, сұхбат және Республикалық комиссияның ең жоғары ұпай жинаған қатысушыларды іріктеуі. Сондай-ақ бір күнтізбелік жыл ішінде конкурсқа қайта қатысуға болады. Бұл әлеуетті үміткерлер қатарын көбейтіп, олардың бағдарламада бағын сынап көруіне қосымша мүмкіндік ұсынады.
Конкурс қорытындысы бойынша комиссия еліміздің 225 азаматына халықа
18/12/2025
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ МЕН CUHK-ШЭНЬЧЖЭНЬ АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯ ТҮСУДЕХалықаралық бағдарламалар орталығында Шэньчжэньдегі Гонконг қытайлық университетінің Академиялық байланыстар басқармасының маркетинг жөніндегі үйлестірушісі Розмари Баймен кездесу өтті.
Кездесуге Орталық тарапынан Басқарма төрағасының орынбасары Абай Рахмет және Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас менеджері Айнұр Нұрмұхаметова, сондай-ақ NIS кадрлар департаменті директоры Самгат Булебаев, NIS Білім беру сапасын бағалау және халықаралық аккредиттеу департаментінің аға менеджері Анара Чаукерова, Bilim Innovation ұйымының Колледж және мансаптық бағдар беру департаментінің басшысы Азамат ...
12/12/2025
«Болашаққа көпір»: BCG сарапшыларымен кәсіби диалогХалықаралық бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа көпір» жобасы аясында әлемдегі жетекші консалтингтік компаниялардың бірі – Boston Consulting Group (BCG) мамандарымен кездесу өтті.
Кездесуде «Болашақ» стипендиаттары консалтинг саласындағы мансаптық мүмкіндіктерді, кандидаттарға қойылатын негізгі талаптарды және стратегиялық жобаларға қатысу тәжірибесін талқылады. Сонымен бірге халықаралық деңгейде кәсіби өсудің жолдары қарастырылды.
BCG мамандары түлектердің қазіргі еңбек нарығына бейімделу тәсілдері туралы айтып, нақты жобаларға қатысу арқылы тәжірибе жинау, жұмыс берушілермен
10/12/2025
Рүстембаев Арман Базарханұлы – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегіРүстембаев Арман Базарханұлы – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, PhD доктор. Қазіргі таңда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Инжиниринг және тағам технологиялары институты директорының ғылыми-зерттеу жұмысы және интернационалдандыру жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.
Ол әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – АҚШ-тың Флорида университетінде (University of Florida, Gainesville, USA) Agricultural and Biological Engineering бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында ғалым Балтимор қаласында өткен ASA-CSSA-SSSA Inte...
08/12/2025
Қазақстан «Болашақ» бағдарламасы арқылы атом энергетикасы саласының мамандарын даярлауды кеңейтедіБүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде төртжақты меморандумға қол қойылды. Тараптар атом электр станциясын салу және оны одан әрі пайдалану үшін кадрлық қамтамасыз етудің стратегиялық маңызын ескере отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасына атом энергетикасы саласы бойынша мамандар даярлаудың жеке бағыттарын енгізу туралы келісімге келді.
Меморандумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы А.Сәтқалиев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Кусманов және «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС Бас дире