Өзекті жаңалықтар мен анонстар
15/03/2023
3 сәуірде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжат қабылдау басталады«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың екінші легі 2023 жылғы 3 сәуірде басталып, 28 сәуірге дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады. Жылдың соңына дейін «Болашақ» стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың тағы екі легі өтетін болады: 5 маусым мен 7 шілде аралығында, сондай-ақ 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.
Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс. Ағылшын тілінде академиялық оқуға түсушілер нәтижесі кемінде ...
13/03/2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ QAZPATENT ДИРЕКТОРЫ ЕРБОЛ ОСПАНОВПЕН КЕЗДЕСТІБүгін Ұлттық зияткерлік меншік институтында Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтің QAZPATENT директоры Ербол Оспановпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізімін зияткерлік меншік, өнертабыстарды халықаралық патенттеу саласындағы мамандықтармен кеңейту, сондай-ақ өнертапқыштардың «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламасымен шетелде тағылымдамадан өтуі жөніндегі мәселелер талқыланды.
Кездесуде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің елдің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту және зияткерлік меншікті қорғау саласына қос
07/03/2023
COMSATS University Islamabad гранттарыCOMSATS University Islamabad қазақстандықтарға докторантурада оқуға гранттар ұсынады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер ЖОО-ның ресми сайтында http://ww2.comsats.edu.pk/internationalstudents/ 2023 жылғы 30 маусымға дейін қабылданады
Үміткерлерге қойылатын талаптар, қажетті құжаттар, мамандықтар және т. б. туралы қосымша ақпарат бағдарламаның ресми сайтында орналастырылған http://www.comsats.edu.pk/
07/03/2023
«Дармасисва» стипендиялық бағдарламасыИндонезия қазақстандықтарға «Дармасисва» стипендиялық бағдарламасы бойынша гранттар ұсынады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер бағдарламаның ресми сайтында https://apply.darmasiswa.kemdikbud.go.id/ 2023 жылғы 7 сәуірге дейін қабылданады
Жыл сайын ұйымдастырылатын «Дармасисва» стипендиялық бағдарламасы студенттерге Индонезияның жоғары оқу орындарында индонезия тілін, мәдениеті мен өнерін бір жыл бойы оқуға мүмкіндік береді.
Грант оқу, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайын стипендия төленеді.
Қазақстандықтар үшін Индонезияның 68 жетекші жоғары оқу орындар
03/03/2023
Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Францияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдерімен білім беру саласындағы мәселелерді талқыладыІс-шара барысында «Болашақ» бағдарламасымен Францияның жетекші жоғары оқу орындарында ядролық энергетика саласындағы академиялық бағдарламалар бойынша оқыту және 500 ғалымға арналған бағдарлама аясында ғылыми тағылымдамалар мәселелері талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қарашада өткен Қазақстан-Франция Жоғары оқу орындарының 7-ші форумы аясында «Болашақ» бағдарламасымен оқуға ұсынылатын университеттер тізімін жетекші француз техникалық ЖОО-ларымен кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.
Осылайша, Ғылым және жоғары білім министрлігі Президенттің «Болашақ» бағдарламасын қайта бағд
03/03/2023
«Болашақ» түлегі сирек генетикалық ауруларды, Паркинсон ауруы мен деменцияны алдын алу және емдеудің инновациялық әдістерін зерттейдіОтандық ғалым-дәрігер Рауан Қайыржанов сирек аурулардың, сондай-ақ Паркинсон және Альцгеймер ауруларының генетикалық себептерін зерттейді.
Рауан Қайыржанов зерттеу жұмысын 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасы арқылы Лондон университетттік колледжінің магистратурасында оқыған кезде бастады. Кейіннен Астана қаласы Ұлттық нейрохирургия орталығында жалғастырды. Онда ғалым сирек неврологиялық аурулары бар пациенттердің ДНҚ үлгілерін жинап, Лондонға тегін генетикалық зерттеулерге жіберіп отырды.
«Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алудың арқасында мен білім-біліктілігімді тереңдетіп қана қоймай,...
02/03/2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫБүгін Халықаралық бағдарламалар орталығында Ұлттық тестілеу орталығының басшылығымен кездесу өтті. Іс-шара барысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді еліміздің өңірлерінде ұйымдастыру мәселелері талқыға салынды.
Қазақстанның облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін көшпелі тестілеуді өткізу жоспарда бар.
«Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне ыңғайлы болу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өңірлерде өткізіледі. Осының арқасында кандидаттар өңірден шықпай-ақ, «Болашақ» стипендиясына, ғылыми тағылымдамаларға өтінім қ
01/03/2023
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатырҒылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша құжат қабылдаудың аяқталуына дейін 15 күн қалды. Өтінім қабылдаудың алғашқы кезеңі ағымдағы жылғы 15 наурызға дейін жалғасады, екіншісі - 2023 жылғы 23 тамыз бен 13 қазан аралығында өтеді.
Халықаралық бағдарламалар орталығы озық шетелдік ұйымдарда біліктілігін арттыруға ниет білдіретін ғалымдардың өтінімдерін қабылдауды жалғастырып жатыр. Құжаттар Орталықта қағаз түрінде қабылданады.
Жыл сайын қазақстандықтарға әлемдегі үздік ұйымдарда құнды тәжірибе жинақтау, ғылыми мәселелерді шешудің жаңа әдістері мен тәсілдерін зерттеу, сондай-ақ кәсіби байланыста