Жарияланған күні:

Құрметті стипендиаттар! 08.01.2024 бастап bolashak.gov.kz ресми сайтында оқыту шартын жасасу үшін кезекті брондау ашылуын хабарлаймыз.

Құрметті стипендиаттар! 08.01.2024 бастап bolashak.gov.kz ресми сайтында оқыту шартын жасасу үшін кезекті брондау ашылуын хабарлаймыз.

Пилоттық жоба шеңберінде «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында алдын ала қойылған бронь бойынша біздің кеңсеге бармай-ақ «онлайн» режимінде оқытуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу мүмкіндігі пайда болады. Бұл рәсім «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде «тағылымдама» бағыты және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы бойынша іріктеуден өткен стипендиаттар үшін ғана қолжетімді болады.

Магистратура/докторантура бағдарламасы бойынша стипендиаттар үшін шартқа қол қою шарттары өзгеріссіз қалады.

Құрметпен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ командасы

фото.jpg