Бағдарлама мақсаты - ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау
Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 301 қаулысымен жарғылық капиталға мемлекеттің 100% қатысуымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.
Қызметтің негізгі нысаны – кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша халықаралық бағдарламалар, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.