Бағдарлама мақсаты - ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың әлемнің үздік университеттерінде білім алған «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі бар. «Болашақ» бағдарламасының түлектері төменде берілген бағыттар бойынша білім алған:
Медицина
Мәдениет, өнер, спорт және туризм
Гуманитарлық және әлеуметтік бағыттар
Білім
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Ауыл шаруашылығы және ветеринария
Жаратылыстану ғылымдары
Инженерлік-техникалық мамандықтар
Қазіргі уақытта Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасы 200 - ден астам ірі жұмыс берушілермен тығыз байланыста жұмыс істейді:
Экономиканың түрлі салаларындағы 39-дан астам ұйымдар мен компаниялар, соның ішінде «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ.
10-нан астам шетелдік компаниялар: PwC, Deloitte, McKinsey&Company.
14-тен астам медициналық ұйымдар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК.
Жұмыс беруші ұйым міндеті:
Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасы 8 (7172) 76 90 76 (вн. 140,141,142), 57 36 34