«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Компания туралы ақпарат

Компания туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 Қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ акционері ғылым және жоғары білім министрлігі болып табылады.

Қоғам қызметінің негiзгi мәнi шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және білiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенiн жүзеге асыру болып белгiленсiн.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ - «Болашақ» бағдарламасының, ғылыми тағылымдамалардың, сондай-ақ үкіметаралық гранттардың әкімшісі. Орталық құжаттарды қабылдауды, конкурстық іріктеуді өткізеді.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Жарғысы

«ХБО» АҚ корпоративтік басқару кодексі