Құрметті «Болашақ» халықаралық бағдарламасының үміткерлері, стипендиаттары және түлектері, сіздерді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Қазіргі уақытта азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және оларды жоюға белсенді қатысуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысына сәйкес елімізде құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты тіркелген сомаларды (30-дан 100 АЕК-ке дейін) белгілей отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды материалдық ынталандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осының барлығы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтауда азаматтардың жәрдемдесуін белсендіру мақсатында жасалады.
Барлық бей-жай емес азаматтарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қызмет алған кезде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығына 1424 тегін нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан толық құпиялылыққа кепілдік беріледі.
т. 76-90-76 (вн. 106)