«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – ХБО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы №806 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 17 қаңтардағы №17 және ХБО президентінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 15-1-03-09/1 бірлескен бұйрығының негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Талдау көздері ретінде ХБО қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер (заңдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, бұйрықтар, өзге де нормативтік құқықтық актілер); ХБО-ның ішкі құжаттары, ХБО ұсынған ресми ақпарат, уәкілетті органдардың, ішкі аудит қызметтерінің тексеру материалдары, шағымдар мен өтініштер, еркін қолжетімділіктегі материалдар мен құжаттар пайдаланылды.
Бағдарламаны іске асыруға жүргізілген мониторинг нәтижелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша ХБО Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау қағидаларына айтарлықтай түзетулер әзірледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Олар ең алдымен, ашықтықты арттыруға, барлық үміткерлер үшін тең мүмкіндіктер құруға, іріктеу объективтілігін жақсартуға, сондай-ақ бюрократиялық кедергілерді жоюға және бұрыннан бар проблемаларды шешуге бағытталған.