Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі берген ұсынымдарды орындау үшін Қоғаммен келесі жұмыстар жүргізілді және жүргізілуде.

1. Басым мамандықтардың жаңа тізбесі

Стипендия алуға болатын басым мамандықтар тізбесі еңбек нарығының қажеттіліктерін ортамерзімді болжамдары негізінде жұмыс органы қалыптастырады. Бұл Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарында талап етілетін жоғары білікті кадрларды дайындауға көмектеседі.

2. Халықаралық стипендияға үміткерлер үшін квота санаттары қысқартылды

Қазір барлық үміткерлер үшін тең мүмкіндіктер пайда болды. Барлық жеңілдігі бар квота санаттары жойылды. Барлық үміткерлер шетелдік ЖОО-на өзбетінше түсулері тиіс.
Сонымен қатар, жаңа Қағидаларға сәйкес ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлерді қоспағанда, бұрын ұсынылған алдын ала тілдік дайындық алып тасталынды және тек Қазақстан аумағында, соның салдарынан жыл сайын бюджет қаражатын 1,3 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге болады.

3. Мемлекеттік тілді білуі бойынша халықаралық стипендияға үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді

Жаңа Қағидалар бойынша іріктеу турлары шеңберінде тілді білу деңгейі тексерілмейтін болды. Үміткерлер құжаттарды тапсыру кезінде өзбетінше тест тапсырып, мемлекеттік тіл білімі бойынша сертификат (KazTEST В1 деңгейінде) ұсынуы тиіс.

4. Барлық үміткерлер үшін конкурстық іріктеу турларының саны қысқартылды

Конкурстық іріктеудің 6 туры 3-ке дейін қысқартылды. Уәждемелік және ұсыным хаттарын бағалау, сондай-ақ мемлекеттік және шет тілдері білімінің деңгейін анықтау бойынша тур қысқартылды. Іріктеу турлары интеллектуалдық және эмоционалдық IQ деңгейін анықтау үшін кешенді тестілеуден, тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесуден және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның үміткерлерді қарау кезеңдерінен тұрады.

5. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның жұмысы

Тәуелсіз сараптамалық комиссия (ТСК) құрамына талаптар күшейтілді. Енді комиссияның 3 мүшесінің орнына кемінде 5 адам шешім қабылдайтын болады. Үміткерлерді іріктеудің бүкіл процесі аудио және бейне тіркеуден өтеді. Сұрақтар саны, оның ішінде комиссия қоятын қосымша сұрақтар нақты регламенттелген.

6. Құжаттарды қабылдау мен конкурстық іріктеу автоматтандырылды

«Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасаған 27 жылдық тарихында конкурстық іріктеу рәсімі алғаш рет цифрландырылды және автоматтандырылды. Мүдделер қақтығысын болдырмас үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау процесі электрондық үкімет веб-порталында үміткердің жеке кабинеті арқылы толығымен автоматтандырылды. Адами фактордың қатысуын азайту мақсатында іріктеудің бүкіл процесі автоматтандырылды және Президенттік кадр резервіне іріктеу үлгісі бойынша цифрлық платформаны пайдалана отырып жүргізіледі.
Орталық қадамдық нұсқаулық әзірледі және регламенттеуші құжаттарға сәйкес конкурстық іріктеуге қатысатын қызметкерлердің жауапкершілігіне талап күшейтілді.

7. Әкімші жұмысын сапалы қайта жүктеу

2019 жылғы қыркүйектен бастап бағдарлама әкімшісінің жұмысында мынадай өзгерістер болды: Орталықтың Директорлар кеңесі оған 5 тәуелсіз директорды қосу арқылы күшейтілді, бейінді бөлімшелерге кәсіби кадрлар, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қатарынан да жұмылдырылды, шетелдегі өкілдіктер саны 5-тен 2-ге қысқарды. Орталықтың 1 вице-президенті лауазымы, сондай-ақ Орталықтың штат саны қысқартылды.
Орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін күшейту мақсатында 2020 жылы комплаенс-офицер – әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді. Бұл лауазымның мақсаты – мүдделер қақтығысын реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлық заңнамасының бұзылуына байланысты ықтимал тәуекелдердің алдын алу болып табылады.
2020 жылғы 27 сәуірде Орталық президентінің № 15-1-03-09/29 бұйрығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Конкурстың барлық кезеңдерінің барынша ашықтығына қол жеткізу және объективті шешім қабылдау мақсатында бос лауазымдарға жаңа қызметкерлерді қабылдауды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
ХБО енгізетін өзгерістер бірінші кезекте «Болашақ» стипендиясын тағайындау ашықтығын арттыруға бағытталған.
Орталық осы уақытқа дейін болған ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.