Стипендия иегерлері

Құрметті стипендиаттар!

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының тағайындалуымен құттықтайды!

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 27-тармағын орындау үшін Сіз Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде Қоғаммен Шарт жасасуға тиісті екендігіңізді ескертеміз. Ол үшін Сіз Қоғамның www.bolashak.gov.kz сайтында Стипендиатқа – Шарттар бөлімінде Шарт жасасу процесімен танысуыңыз қажет.

Жоғарыда көрсетілген мерзімде Шарт жасалмаған жағдайда, Қоғам Қағидалардың 28-тармағына сәйкес, Сізді «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айыру туралы мәселені қарауға бастамашылық жасайтын болады.

Шарт жасау жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда, мынадай мекенжай бойынша Қоғамның Шарттық және талап-арыз жұмысы басқармасында кеңес ала аласыз: Нұр-сұлтан қаласы, Сол жағалау, Сығанақ көшесі, 70, 5-қабат, 507аб., тел.: 8 (7172) 76 90 76 (ішкі нөмір - 121, 127, 122)

Оқуды ұйымдастыру және мониторинг мәселелері жөнінде сілтемесінде көрсетілген байланыс деректері бойынша тәлімгерлермен хабарласу қажет.


Консультация алу