Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

08/04/2025

ГАРВАРД УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМНЫҢ ЖОЛЫ

Гүлнұр Мақұлбаева — білімге салынған инвестицияның ұзақ мерзімді нәтиже беретінінің жарқын үлгісі. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында беделді Peking University-де бакалавр дәрежесін алып, 2023 жылы Назарбаев Университетінде PhD дәрежесін қорғады. Сол жылдан бастап Гүлнұр Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында доцент қызметін атқарып келеді. Қазіргі уақытта ол «500 ғалым» бағдарламасы аясында Гарвард университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Гарвард университетіндегі тағылымдаманың артықшылықтары

Әлемдегі ең үздік университеттердің бірі саналат

Толық оқу
бөлісу

31/03/2025

ШЕТЕЛДІКТЕР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ ҚАЗАҚТАР, ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ҮШІН СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Үміткерлер 2025 жылғы 30 наурыз – 31 мамыр аралығында құжаттарын онлайн түрде келесі сілтеме арқылы https://studyin.kz/admission тапсыра алады.

Гранттар саны:

  1. Бакалавриат – 490
  2. Магистратура – 50
  3. PhD (докторантура) – 10

Толық оқу кезеңіне арналған стипендиялық бағдарламаларға қатысуға өтінім қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылады

Толық оқу
бөлісу

31/03/2025

ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОҚУҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзербайжан үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2025–2026 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 12 оқу грантын ұсынады:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 3 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша 5 орын.
  • докторантура бағдарламасы бойынша 2 орын.
  • медициналық білім(жоғары білім) және резидентура бағдарламасы бойынша 2 орын.

Оқу әзербайжан немесе ағылшын тілдерінде.

Оқыту тілі немесе мамандығы бойы

Толық оқу
бөлісу

31/03/2025

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ ТҮРКІСТАНДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ХИМИЯ ПӘНІНЕН САБАҚ БЕРЕДІ

Мақсаттарыңызды анықтап, қызығушылықтарыңызға қарай әрекет етіңіз. Ғылым – бұл тек мансап қана емес, бұл әлемнің болашағына қосқан үлесіңіз.

Мұғалім болу – бұл шынымен де рухты баурайтын кәсіп. Әркімнің қолынан келе бермейді. Кәсіби маман, ғалым болу – бір бөлек, ал өз білімін жеткізу мүлдем басқа қабілет. Әркімге бұйырмайтын бұл қабілет Нұрболаттың бойынан табылады. Бар болғаны 24 жасында ол ерекше оқыту әдістерімен оқушыларды да, әріптестерін де таңғалдырып жүр.

Химия сабақтары көбіне күрделі әрі түсініксіз болып көрінетін. Химия сабақтары қызықты болатын кездер – мұғалім әртүрлі эксперимент

Толық оқу
бөлісу

31/03/2025

"БІЗ АЛЬПІ ТАУЛАРЫН, ОРТАЛЫҚ ФРАНЦИЯДАҒЫ ВУЛКАНИЗМДІ ЖӘНЕ ТІПТІ ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІНІҢ ТҮБІН ЗЕРТТЕДІК": АЗАМАТ ЖҰМАҒАЛИ "БОЛАШАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан орасан геологиялық әлеуетке ие, бірақ оның жер қойнауының басым бөлігі әлі толық зерттелмеген.

Кеңес заманында жүргізілген көптеген зерттеулер ескірген және қайта қарауды қажет етеді. Елдің табиғи байлықтарын толық ашу үшін террейндердің жасын жаңарту, палеомагниттік деректерді жинау, өңірлердің геодинамикалық тарихын қалпына келтіру және пайдалы қазбалар бойынша кешенді зерттеулер жүргізу қажет. Осы қадамдардың маңыздылығын "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Францияда тау-кен инженериясы бойынша білім алған Азамат Жұмағали атап өтеді. Қазақстанға оралған соң, ол геология саласын белс

Толық оқу
бөлісу

31/03/2025

БОЛАШАКЕР АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТЕДІ

Азамат Ешмұхаметов «Болашаққа» тек білім үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа көзқарасы үшін де алғыс білдіреді

Бірнеше жыл бұрын Азамат Ешмұхаметовтың ұлына аутизм спектрі бұзылысы (АСБ) диагнозы қойылды. Бұл отбасы үшін үлкен сынақ болды. Азамат пен жұбайы, көптеген ата-аналар сияқты, жауап іздей бастады. Олар мақалалар оқып, дәрігерлермен кеңесіп, емдеу жүйесін түсінуге тырысты. Бұл ұйқысыз түндер мен көз жасына толы, қиын кезең болды.

АСБ бар балаларға арналған технологиялар нарығы көптеген отбасылар үшін қолжетімсіз болып шықты. Жағдайы бар ата-аналар шетелге кетеді. Онда емдеу миллиондаған

Толық оқу
бөлісу

31/03/2025

АҚШ-ТАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА: ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ АҚШ-ТЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА

Бір жыл бұрын Coursera платформасында онлайн-курс өткен талдықорғандық жас ғалым Райгүл Желдібаева, курс авторларының Иллинойс Урбан-Шампейн университетінде өзінің менторларына айналады деп ойламаған еді. Ол кезде Райгүл І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқыту мен тәрбиелеу әдістемелері бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі қызметін атқаратын. Coursera платформасында ол Иллинойс университетінің профессоры Мэри Каланцис пен Билл Коуп әзірлеген "Жаңа оқыту: педагогиканың принциптері мен заңдылықтары" (New Learning: Principles and Patterns of Pedagogy) атты курсын өткен болатын

Толық оқу
бөлісу

18/03/2025

"БОЛАШАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ДҮЙСЕНӘЛІ ӘЛИМАҚЫННЫҢ "АМЕРИКА АШҚАН ҚАЗАҚТАР" КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

«Америка ашқан қазақтар» кітабы туралы қырғыз елінің Халық жазушысы, TURKSOY Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев та өз бағасын беріп, жылы лебізін арнапты.

«Бұл кітаптың біз үшін мағынасы мен мәні зор. Америка архивтеріндегі қазақ бауырларымызға қатысты деректерді бір жерге топтастырып, оқырманға ұсынған автордың осы еңбегі бағалауға тұрарлық», – дейді С.Раев.

Ал кітап авторының АҚШ-тағы жетекшісі, Джордж Вашингтон университетінің профессоры Питер Роллберг те ағынан жарылып, шәкіртін қазақ халқына қатысты тың тақырыпта жүйелі ізденген алғашқы зерттеуші депті.

«Дүйсенәлі Әлімақынның Ва

Толық оқу
бөлісу