Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

07/06/2023

24 маусымда «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына орай бағдарлама түлектері арасында V Спартакиада өтеді!

Ұйымдастырушылар – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен Халықаралық бағдарламалар орталығы және «Болашақ» Қауымдастығы.

«Болашақ» бағдарламасының түлектерін жеке немесе қалыптасқан команда құрамында қызықты спорттық-зияткерлік жарыстарға қатысуға шақырамыз.

Іс-шарада:

  • Шағын футбол (5 адамнан тұратын аралас команда + максимум 3 қосалқы ойыншы)
  • Баскетбол (5 адамнан тұратын аралас команда + максимум 3 қосалқы ойыншы)
  • Үстел теннисі (ерлер және әйелдер)
  • Арқан тарту (6 адамнан тұратын аралас команда)
  • Шахмат (ерлер және әйелдер)
  • Асық ату (ерлер және әйелдер)

Уақыты: 10:...

Толық оқу
бөлісу

06/06/2023

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТИПЕНДИАТЫ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТІП ЖҮРГЕН КЕЗІНДЕ «АЛАШ ОРДА» ЗАМАНЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙ ҚҰЖАТ ТАПҚАН

«Болашақ» стипендиаты Мұхтар Исаев құнды мұраны Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтіп жүрген кезінде тапқан. Қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, Алаш зиялысы Жаһанша Досмұхамедов дипломдық жұмысын 1910 жылы Императорлық Мәскеу университеті заң факультетін бітіру кезінде қорғаған.

Тарихи мұра төрт бөлімнен тұрады және қазақ мемлекеттілігі мен оның құқықтық негіздерін сипайттайды. Ал автор оларға теориялық тұжырым жасайды. Ғалым-«Болашақ» стипендиаты Мұхтар Исаевтың айтуынша, құжаттың ғылыми тұрғыдан маңызы зор.

Зерттеушінің архивтерде әлі де Қазақстан ...

Толық оқу
бөлісу

05/06/2023

БЕЛАРУСЬ ЖОО-ЛАРЫНДА ОҚУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қорытынды комиссияның шешімі бойынша үкіметаралық гранттар аясында Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге 2 адам ұсынылды.

Беларусь жетекші жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылған үміткерлер тізіміне үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлер енді: білім туралы құжаттың орташа балы және Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Білім беру гранттарын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Тізім

Толық оқу
бөлісу

05/06/2023

ВАШИНГТОНДА «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

ВАШИНГТОНДА «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

29 мамырда «Болашақ» стипендиясының 30 жылдық мерейтойы мен жыл сайынғы NAFSA конференциясы қарсаңында Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде «Болашақ» бағдарламасының білім беруді дамытудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Отырысқа білім және ғылым саласының сарапшылары, американдық және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері, «Болашақ» стипендиаттары қатысты.

Іс-шара барысында сарапшылар «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің Қазақстанның дамуына, е

Толық оқу
бөлісу

05/06/2023

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИАТТАРЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АҚШ-ТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАН ӨТКІЗДІ

Стипендиаттар Джордж Вашингтон университетінің ауласына шие ағашын екті. Экологиялық науқан «Болашақ» бағдарламасының 30 жылдығына орай өтті.

Жастар әлемдегі үздік оқу орындарда білім алуға мүмкіндік берген елімізге осылай алғысын білдірді.

Бүгінде стипендиялық бағдарлама аясында АҚШ-та 523 қазақстандық білім алып жатыр, оның 25-і Джордж Вашингтон университетінде кәсіби қырынан шыңдалып жатыр.

Университет - АҚШ елордасындағы ең ірі жоғары оқу орны. Ол әлемдегі беделді жоғары оқу орындарының және 2022 жылғы Times Higher Education World University Rankings рейтінгі бойынша әлемдегі топ-200 жоғ

Толық оқу
бөлісу

05/06/2023

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталды

Өтінімдер 2023 жылғы 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы онлайн қабылданады

«Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдігі бар үміткерлерді қоспағанда, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шартсыз шақыруы бар кандидаттар қатыса алады.

Бағдарлама шеңберінде магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша оқуға немесе тағылымдамадан өтуге болады.

Басым мамандықтар тізімінде 262 мамандық көзделген. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру және т. б. сынды ең

Толық оқу
бөлісу

02/06/2023

ХБО ӨКІЛДЕРІ ЧЕХИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін ХБО Басқарма төрағасының орынбасары Асқат Әшімов Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гиклмен кездесті.

Сондай-ақ кездесуге Елшінің орынбасары Йозеф Богач пен консул Томаш Микеска қатысты.

Тараптар «500 ғалым» жобасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамалары үшін ұйымдар тізімін кеңейту мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы арқылы Чехияда 100-ден астам қазақстандық даярланды. Түлектердің көбі инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқып келді.

аватарка 2.jpg

аватарка 1.jpg

Толық оқу
бөлісу

31/05/2023

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ ҮШІН ТЕГІН ФРАНЦУЗ ТІЛІ КУРСТАРЫНАН ӨТУГЕ ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстандық техникалық қызметкерлер мен IT-мамандар бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өте алады.

Тілдік дайындық Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында орналасқан Француз Альянсының орталықтарында өтеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы және Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы келісімнің арқасында қазақстандық техникалық қызметкерлер мен IT-мамандар бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өтуге мүмкіндік алды. Бұл француз тілін бастауыш деңгейден меңгеруді қалайтындар үшін, сондай-ақ кәсіби деңгейде меңгеруге ниет білдіретіндер үшін тамаша мүмкіндік», - д

Толық оқу
бөлісу