Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕКТЕРІ BOSTON CONSULTING GROUP-ҚА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ

Астанада «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған кездесу өтті. Іс-шарада 70-тен астам түлектер Boston Consulting Group (BCG) мамандарынан жұмысқа орналасу бойынша құнды ұсыныстар мен тәжірибелік нұсқаулар алды. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен BCG ұйымдастырған бұл кездесу мансаптық өсу кезеңдеріне, консалтингтегі трендтерге және «Болашақ» түлектеріне BCG-де жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне арналды.

Бағдарлама аясында сарапшылармен сұрақ-жауап сессиясы өтіп, онда консалтинг саласындағы табысты мансап жолы егжей-тегжейлі талқыланды. BCG өкілдері жұмысқа орналасу процесі 3-4 кезеңнен тұратынын, оның ішінде сұхбаттасу да бар екенін түсіндірді, сондай-ақ шешуші рөл атқаратын дағдылар мен дайындықты атап өтті. Жоба жетекшісі Георгий Рулев өз мансаптық өсу жолымен бөлісіп, BCG-де белсенді жұмыс істеген 3-5 жыл ішінде басқарушылық қызметке жетуге болатынын атап өтті.

1963 жылы құрылған Boston Consulting Group McKinsey және Bain & Company компанияларымен қатар әлемдегі жетекші консалтингтік үштіктің қатарына кіреді. BCG энергетика, қаржы және инфрақұрылым сияқты салаларда қазақстандық кәсіпорындармен 10 жылдан астам уақыт бойы серіктестік орнатып келеді және 50 елдегі 90 кеңсе арқылы клиенттерге ұзақ мерзімді өсу стратегияларын әзірлеуге көмектеседі. Компания қызметкерлерінің саны 16 мыңнан асса, кірісі $6,3 миллиардтан асады.

Жақын арада BCG Орталық Азиядағы қатысуын нығайтып, Алматы мен Астанада филиалдар ашуды жоспарлап отыр. Бұл компанияға қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуді кеңейтуге және Қазақстан мен Орталық Азиядағы жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

«Болашақ» түлектері үшін BCG компаниясымен серіктестік олардың мансаптық өсуіне әсерлі перспективалар ашып, әлемдегі жетекші консалтингтік компаниялардың бірінде жұмысқа орналасу мүмкіндігін береді.

фото 1.jpg

фото 2.jpg