Өзекті жаңалықтар мен анонстар
24/04/2025
Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралыСловакия Республикасының Білім, ғылым, зерттеу және жастар министрлігі 2025/2026 оқу жылына арналған Ұлттық стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.
Бағдарлама Словакия университеттері мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде шетелдік студенттерді, аспиранттарды, оқытушылар мен зерттеушілерді оқытуға қолдау көрсетуге арналған.
Бағдарлама қатысушыларының санаттары:
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
23/04/2025
Министр Саясат Нұрбек Аризона Университетінде: Kozybayev University-мен стратегиялық серіктестікті нығайтуТусон, АҚШ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-қа ресми сапары аясында Kozybayev University делегациясымен бірге Аризона Университетіне барды. Сапардың мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және отандық жоғары мектепті жаһандық академиялық кеңістікке ықпалдастыру.
Kozybayev University мен Аризона Университеті арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2022 жылы бастама жасалып, елімізде жетекші америкалық жоғары оқу орнының шетелдік филиалын ашудың алғашқы тәжірибесі болды. Бұл қадам ұлттық білім ...
22/04/2025
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ HR-менеджерлер қауымдастығы және Empower People компаниясымен бірлесіп, «Болашақ» және ғылыми тағылымдама үміткерлеріне арналған сұхбат әдістемесі мен этикасы бойынша тренинг өткізді«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да гибридті форматта HR-менеджерлер Қауымдастығымен және Empower People компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған, сарапшыларға арналған тренинг өтті. Тренинг «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына үміткерлермен сұхбат жүргізу әдіснамасы мен этикасы» тақырыбында өтті.
Тренингтің негізгі мақсаты тәуелсіз сараптамалық бағалаудың сапасын арттыру, конкурстық іріктеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сұхбат жүргізуге бірыңғай тәсілді қалыптастыру болды.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А
21/04/2025
Кипр Республикасының жоғары оқу орындарында Қазақстан азаматтары үшін стипендиялық гранттарҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Кипр Республикасының жоғары оқу орындарында Қазақстан азаматтары үшін бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша бөлінген стипендиялық гранттар туралы хабарлайды.
1) UNIVERSITY OF NICOSIA
18/04/2025
Академиялық байланыстарды нығайту: Duke Kunshan University-мен кездесу2025 жылғы 18 сәуірде Duke Kunshan University (Цзянсу провинциясы, Қытай) өкілдерімен — атқарушы вице-канцлер Джон А. Куэлч пен кеңесші Нуртас Жәнібековпен жұмыс кездесуі өтті. Аталған кездесуге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ тарапынан Басқарма Төрағасы Әділ Құсманов, Басқарма Төрағасының орынбасары Абай Рахмет және Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдана Бахманова қатысты.
Duke Kunshan University (DKU) — 2013 жылы Duke University (АҚШ) мен Wuhan University (Қытай) арасындағы стратегиялық серіктестік аясында құрылған халықаралық университет. DKU гуманитарлық және жараты
15/04/2025
2025 ЖЫЛЫ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КОНКУРСТЫҚ РӘСІМДЕРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІН ЖҮРГІЗУ2025 жылы конкурстық іріктеудің бірінші туры шеңберінде кешенді тестілеу өткізіледі, бұл барлық үміткерлер үшін іріктеуші кезең болып табылады.
Тестілеу онлайн-форматта өтеді.
Кешенді тестілеу үміткерлердің ақпаратты жылдам талдау қабілетін бағалауға, сондай-ақ халықаралық академиялық ортада сәтті бейімделу үшін қажетті жеке және іскерлік қасиеттерін анықтауға бағытталған.
Кешенді тестілеудің вербалды (48 сұрақтан кемінде 20 дұрыс жауап) және сандық (25 сұрақтан кемінде 8 дұрыс жауап) бөлімі бойынша үміткерлер белгіленген өту балын жинамаған жағдайда екінші турға жіберілмейді.
Тестілеу формат
14/04/2025
2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН "НАИЛЕХАНЫМ" ҚОРЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН СТИПЕНДИЯСЫНА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ АШЫҚБАКУ, Әзербайжан — Хазар университеті "Наилеханым" қорымен бірлесіп, 2025–2026 академиялық жылына кез келген елден шыққан дарынды әйелдерге арналған толық стипендияға конкурс жариялайды. Стипендия байқау негізінде тағайындалады және оқу ақысы, жатақханадағы тұру, ай сайынғы стипендия және Әзербайжанға барып-қайтуға арналған эконом-кластағы ұшақ билетін қамтиды.
Негізгі талаптар:
Өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 1 маусым
Қ
11/04/2025
Е.А. БӨКЕТОВТІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ЖАС ҒАЛЫМДАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСУ«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адиль Кусманов Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өткен жас ғалымдар форумына қатысты.
Е.А. Бөкетовтің 100 жылдығына арналған форум аясында «Ғылымдағы жаңа есім» жоғары оқу орындары ішіндегі гранттың арқасында іске асырылған және іске асырылып жатқан жобалардың көрмесі өткізілді, докторанттардың зерттелетін тақырыптарының галереясы ұсынылды. Университетте 20 ғылыми-зерттеу мекемесі, ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді, онда 480-нен астам ғалым жұмыс істейді, олардың 30%-ы жастар.
Форум аясында ...