Өзекті жаңалықтар мен анонстар
18/01/2023
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ САНАТТАРЫ БЕКІТІЛДІ2023 жылы денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мектеп, колледж педагогтері, инженер-техниктер, мемлекеттік қызметішлер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін тағылымдама бағдарламасына 110 «Болашақ» стипендиясы бөлінді. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжат қабылдауды жүргізеді.
«Биыл тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді олар конкурсқа қатысу үшін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Бұл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қ
11/01/2023
«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі ағымдағы жылғы 27 қаңтарға дейін жалғасады.
Екінші кезең – 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізілетін болады.
Конкурстық іріктеу 2023 жылғы 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.
Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия,...
07/01/2023
«Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізбесінің жобасын талқылау бойынша сараптамалық сессияХалықаралық бағдарламалар орталығында 2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесінің жобасын талқылау бойынша сараптамалық сессия өтті.
Талқылауға білім, ғылым, медицина саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың және бизнес өкілдері, сонымен қатар жұмыс берушілер қатысты. Көптеген конструктивті ұсыныстар айтылды. Сарапшылар геология, сейсмология, гидрология, жерге орналастыру және т. б. сияқты өзекті бағыттар бойынша мамандықтар тізімін кеңейтуді ұсынды.
Бұған дейін құжат жобасын әзірлеу үшін біз мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік және жек
28/12/2022
178 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды.
Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 60 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 8 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.
«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ
27/12/2022
Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткіздіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Республикалық комиссияның шешімімен 178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді. Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алады, сондай-ақ тағылымдамадан өтеді.
Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүг
27/12/2022
МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен стажерлармен кездесті. Іс-шараға 40-қа жуық азамат қатысты. Кездесу еркін форматта өтті.
Кездесу барысында қатысушылар докторантураға қатысты мәселелерді, шетелдік университеттер мен ұйымдарда тағылымдамадан өткен болашақтықтар алдында ашылатын мүмкіндіктерді талқылады. Қазақстанда ғылымды дамыту тақырыбы бойынша, оның ішінде «Болашақ» түлектерінің ғылыми салаға қосқан үлесі туралы пікір алмасты.
Барлық қатысушылар министрге өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Саясат Нұрбек мұндай кездесулер
21/12/2022
Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталдыШетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды ақпан және мамыр айларында жүзеге асырады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 отандық ғалымға мемлекет есебінен ғылыми тағылымдамадан өтіп, әлемнің жетекші зертханаларында зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріледі. Биыл ғалымдарды іріктеу критерийлері жетілдірілді. Тағылымдамадан өтуге болатын ЖОО мен ғылыми орталықтар тізімі алғаш рет жасалды. Зерттеулердің өзекті бағыттары бойынша мамандықтар тізімі бекітілді. Сар
13/12/2022
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ: ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕКІТІЛДІ«Болашақ» үздік шетелдік жоғары оқу орындарда академиялық оқуға арналған жеңілдік санаттарының тізімін кеңейтіп отыр. 2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер мен медициналық мамандар жеңілдетілген шарттармен «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурстық іріктеуіне қатыса алады.
«Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Аталған өзгер