Жарияланған күні:

АУЫЛ ЖАСТАРЫ МҮМКІНДІКТЕН ШЕТ ҚАЛМАУ КЕРЕК

6 қазанда «Ауыл жастарының V Республикалық форумы» аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы арасында меморандумға қол қойылды.

Форумға Қазақстанның әр өңірінен келген «Ауыл жастары» ұйымының 70-ке жуық өкілі қатысты. Кездесу барысында тараптар ауылдық елді мекендердегі мамандарды даярлау, қайта даярлау және тағылымдамадан өткізу мәселелері бойынша пайымды пікір, ұтымды ұсыныстарды ортаға салды. Сонымен қатар шарада қатысушылар көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Меморандум шеңберінде өңірлерде шетелдік стипендиялық бағдарламалар, білім беру және үкіметаралық гранттар, тағылымдама бағдарламалары және ауылдық жерлердегі мамандардың біліктілігін арттырудың басқа да халықаралық бағдарламалары бойынша консультациялық қолдау көрсету көзделеді.

Кездесу соңында тараптар бірлескен семинар, бейне-конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіп, насихат шараларын қарқындатуға келісті.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg