Жарияланған күні:
АҚШ астанасындағы The George Washington University-де «Болашақ» бағдарламасы аясында журналистика саласы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан ақын,журналист Дүйсенәлі Әлімақын өз зерттеу тақырыбы барысында Вашингтон қаласындағы үлкен кітапханалардың бірі Gelman кітапханасынан қазақтың 19 ертегісі енген,1968 жылы Ныю-Йоркте баспадан шыққан «Stories of Steppes» атты кітапты тапқанын айтты. Аталған еңбектің авторы - америкалық жазушы,зерттеуші Mary Lou Masy. Кітапқа қазақтың «Алдар көсе», «Жалғыз көзді дәу», «Ақылды ұры», «Ер Қосай батыр» сияқты ертегілері еніп,халқымыздың тұрмысына қатысты суреттер қоса берілген.
«Халықаралық қатынастардағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» атты зерттеу тақырыбын жалғастырып жатқан ол Батыс саяхатшыларының өткен ғасырларда Орта Азияға және қазақ даласына жасаған сапарлары барысында жазылған кітаптарды зерттеумен айналысып жатыр.