Жарияланған күні:

БОЛАШАҚ СТИПЕНДИАТТАРЫ ИЗРАИЛЬДЕН ШҰҒЫЛ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Air Astana әуекомпаниясының рейсі Тель-Авивтен Алматыға ағымдағы жылдың 10 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те ұшты.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен 14 қазақстандық азамат шұғыл эвакуацияланды. Ұлттық мереке кезеңінде Дубайға ұшқан тағы 2 студент Қазақстанға жақын репатриациялық рейспен қайтарылады.

Естеріңізге сала кетейік, Израильде "Болашақ" бағдарламасы аясында Rabin Medical Center, Sheba Medical Center және т. б. ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтетін 16 стипендиат болған.