Өзекті жаңалықтар мен анонстар
24/01/2023
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы деректеріне сәйкес, Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастыратын «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World's Top 2% Scientists) рейтингіне «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегі кірді.
Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқорды қамтиды. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар ұсынылса, екіншісінде - соңғы жылдағы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілген.
Scopus ба
23/01/2023
Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша елдер географиясыШетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады.
Қазақстандық ғалымдар мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында бірлескен зерттеулер жүргізе алады. Олардың арасында АҚШ-тың (Columbia University, Massachusetts Institute of Technology, Apple Inc, Microsoft Corp, Google Inc), Ұлыбританияның (Kings College London, University of Oxford), Жапонияның (Tokyo Institute of Technology, Toyota Group) және т.б. елдердің университеттері мен халықаралық компаниялары бар.
Жалп
20/01/2023
АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ШЕТЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІАлматы облысы Қарғалы ауылындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Фариза Мухатова мен Бану Абдраимова «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның университетінде біліктілігін арттырады. Шетелде олар қашықтан оқыту әдіснамасы және әдістемесін зерттейтін болады.
«Өскелең ұрпаққа білім беруде ұстаздың үздіксіз дамуы маңызды деп ойлаймын. «Білімді ұстаз - білімді оқушы» қағидасын ұстанамын. Ұлыбританияда қашықтан оқыту әдістемесін зерттейтін боламын. Менің ойымша, бұл қазіргі заманда, әсіресе ауыл мұғалімдері үшін өзекті тақырып. Шетелде біліктілігімді арттырып, алған білімімен әріптесте
19/01/2023
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 50-ГЕ ЖУЫҚ ТҮЛЕГІ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің Павлодар және Түркістан облыстары жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған «Өскенде кімі боласын?» атты тәлімгерлік жобасы басталды.
«Болашақ» бағдарламасының 50-ге жуық түлегі жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. 9-11 сынып оқушыларына мамандықты таңдауға көмектесуге ниет білдірген болашақтықтар жобаға қатысады. Сондай-ақ, олар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында алған білімі мен дағдыларымен бөліседі.
«Еліміздің ауылдары мен шалғай өңірлерінен балаларды қолдау білім берудің аса маңызды мәселелеріні
18/01/2023
ҚХР 113 БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА БӨЛДІҚытай үкіметаралық келісімдер аясында 113 білім грантын бөлді. Қазақстандықтар бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқиды.
Өтінімдер 2023 жылғы 19 қаңтардан 3 ақпанға дейін Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе Халықаралық бағдарламалар орталығында қабылданады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесінің сайтында ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін онлайн тіркелуі керек http://campuschina.org/content/details3_74776.html
«Тіркелген кезде үміткер оқу бағдарламасын, жоғары оқу орнын және мамандықты таңдайды. Қазақстандықтарға ҚХР
18/01/2023
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ САНАТТАРЫ БЕКІТІЛДІ2023 жылы денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мектеп, колледж педагогтері, инженер-техниктер, мемлекеттік қызметішлер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін тағылымдама бағдарламасына 110 «Болашақ» стипендиясы бөлінді. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжат қабылдауды жүргізеді.
«Биыл тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді олар конкурсқа қатысу үшін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Бұл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қ
11/01/2023
«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі ағымдағы жылғы 27 қаңтарға дейін жалғасады.
Екінші кезең – 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізілетін болады.
Конкурстық іріктеу 2023 жылғы 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.
Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия,...
07/01/2023
«Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізбесінің жобасын талқылау бойынша сараптамалық сессияХалықаралық бағдарламалар орталығында 2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесінің жобасын талқылау бойынша сараптамалық сессия өтті.
Талқылауға білім, ғылым, медицина саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың және бизнес өкілдері, сонымен қатар жұмыс берушілер қатысты. Көптеген конструктивті ұсыныстар айтылды. Сарапшылар геология, сейсмология, гидрология, жерге орналастыру және т. б. сияқты өзекті бағыттар бойынша мамандықтар тізімін кеңейтуді ұсынды.
Бұған дейін құжат жобасын әзірлеу үшін біз мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік және жек