BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

20/04/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ СЯМЭНЬ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Тараптар қазақстандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Кездесу барысында Сямэнь университетінің магистратурасы мен докторантурасында тегін оқуға гранттар ұсыну мүмкіндігі туралы сөз қозғалды.

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 500 қазақстандық ғалым мемлекет есебінен жыл сайын тағылымдамадан өтеді және бірлескен зерттеулер жүргізеді. Биыл біздің ғалымдар әлемдегі жетекші жоғары оқу орындар мен ғылыми орталықт

Толық оқу
бөлісу

20/04/2023

Ауыл акушер-гинекологы, «Болашақ» стипендиаты: «Мақсатым – ауыл медицинасын дамытуға үлес қосу»

Әйгерім Жандос Қостанай облысы Әулиекөл аудандық ауруханасының акушер-гинекологы. Қазір ол «Болашақ» бағдарламасы арқылы Израильде тағылымдамадан өтіп, гинекологиядағы инновациялық технологиялар мен жедел әдістерді қолдану саласында біліктілігін арттырып жатыр.

«Болашақ» бағдарламасының арқасында шетелде құнды тәжірибе алып жатырмын. Шетелде білім алуға көбісінің шамасы келе бермейді. Ал «Болашақ» стипендиясы білім алу үшін бүкіл жағдай жасап, тек білімді меңгеруге мүмкіндік береді», - дейді Әйгерім.

Әйгерім шамамен төрт жыл бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Әулиекөл ауылына жұмыс іс

Толық оқу
бөлісу

19/04/2023

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ТЕГІН ӨТЕ АЛАДЫ

Денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, агроөнеркәсіптік кешен салаларында жұмыс істейтіндер, мектеп, колледж педагогтері, инженер-техниктер, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы біліктілігін арттырады.

2023 жылы «Болашақ» арқылы тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді, кандидаттар конкурстық негізде іріктеледі.

Үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге тиіс. Сонымен қатар үміткер шетелдік ұйымнан шақыртуды өз бетінше алады және шет тіл мен ме

Толық оқу
бөлісу

18/04/2023

Таиланд Корольдігінің гранттары

Таиланд Корольдігі жетекші таиланд университеттерінде оқуға гранттар ұсынады. Қазақстандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура, сондай-ақ студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша оқи алады.

Оқыту ағылшын немесе тай тілдерінде өтеді.

Үміткерлердің Таиландтың 10-нан астам жоғары оқу орнында оқуға мүмкінідгі бар. Ауыл шаруашылығы, инженерия, ақпараттық технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, фармацевтика және т. б. бағыттар бойынша білім алуға болады.

Өтінімдерді тікелей қабылдаушы ЖОО-ға тапсыру қажет.

Толығырақ

Толық оқу
бөлісу

13/04/2023

Беларусь ЖОО-ларында оқуға арналған гранттар

Қазақстандықтарға Беларусь ЖОО-ларында магистратура, бакалавриат және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға арналған гранттар ұсынылады. Өтінімдер 2023 жылғы 25 сәуірге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Қазақстан азаматтарына 6 грант бөлінді:

  • бакалавриат - 3
  • магистратура - 2
  • докторантура – 1

Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында оқыту орыс тілінде өтеді.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:
1) балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;
2) тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Ережелермен келесі сілтемеден танысуға болады: h...

Толық оқу
бөлісу

13/04/2023

ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Ұлытау облысына барды

Сапар Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Олжас Сәкенов облыс әкімдігімен жаңа техникалық Ұлытау университетін ашу мәселесін талқылады. Бастамаға қолдау білдіріп, университет өңірдегі ғылым мен технологияның дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ сапар барысында «The Ulytau Educational Foundation» қорының өкілдерімен, «Қазақмыс» корпорациясының басшылығымен, канадалық серіктестермен, Ұлытау облысының медициналық колледж оқытушыларымен және мектеп директорларымен кездесті.

Қазақстанның жаңа өңірі үшін «Болашақ» бағдарламасымен медициналық және

Толық оқу
бөлісу

13/04/2023

Үкіметаралық келісімдер аясында ҚХР жетекші жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияланды

Биыл Қорытынды комиссияның шешімімен 37 қазақстандық ҚХР жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды.

Соңғы шешімді ҚХР қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім беру гранттарын жыл сайын ұсынып отырады.

Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді.

Жалпы алғанда, үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтарға Еуропа мен Азияның 10 елінде бакалавриат, магистратура және докторантура

Толық оқу
бөлісу

06/04/2023

Елордада Халықаралық бағдарламалар орталығының қатысуымен «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында диалог алаңы өтті

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық бағдарламалар орталығының қатысуымен «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында «Technology Commercialization Point» диалог алаңы өтті.

Кездесу барысында ғалымдар мен сарапшылар ғылым мәселелері мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ саладағы жас ғалымдардың рөлі және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері жөнінде сөз қозғалды. Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы IT, инновациялар, инженерия, индустриялық технологиялар саласында кадрлар даярлау қажеттілігін ерекше атап өтті.

«М

Толық оқу
бөлісу