Өзекті жаңалықтар мен анонстар
25/04/2022
Тағылымдама санаттарыБүгін «Болашақ» бағдарламасының тағылымдама санаттары мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы әңгімелейміз.
21/04/2022
«Болашақ» бағдарламасының түлегі ауыл мектебінде ағылшын тілін үйретедіБатырғалиева Гүлім Тоқатқызы – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды №3 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып қызмет атқаруда. Қазіргі таңда Гүлім 6 сыныпта 80-нен астам оқушыға ағылшын тілін үйретеді.
«Менің ойымша, барлық балалардың сапалы білім алуына тең мүмкіндіктері болуы керек. Мақсатым – білімге деген қызығушылықты оятып, ауылда оқитын балаларға ағылшын тілінде еркін сөйлесуге үйрету», – дейді ұстаз.
Гүлім Тоқатқызы 2021 жылы АҚШ-та Джорджия университетінде ағылшын тілі және әлем тілдерін екінші шет тілі ретінде оқыту ...
20/04/2022
40 жаңа мамандық «Болашақ» бағдарламасының тізіміне кірдіБиылғы жылы еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесінде, «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізіміне инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық қосылды. Осы ретте 17 мамандықтың атаулары кеңейтіліп, бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылса, ал 23-і жаңа мамандықтар ретінде енгізіліп отыр. Жалпы алғанда, басым мамандықтардың тізімі техникалық бағыттағы мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді.
Халықаралық бағдарламалар орталығы басым мамандықтарды анықтау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі ...
18/04/2022
Беларусияда оқуға 6 грант бөлінді2022 жылғы 6 мамырға дейін Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарына бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдау жүргізіледі.
Қзақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Беларусь Республикасының Білім министрлігі арасындағы Келісім аясында, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдауды жариялайды.
Қазақстандық азаматтарға 6 грант бөлінді:
15/04/2022
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ 23 ЖЕТЕКШІ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕТЕЛДІК ЖОО-МЕН ТОЛЫҚТЫ«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік ЖОО-ның тізімі кеңейтілді. Тізімге 23 жетекші шетелдік техникалық университет енді.
Осылайша, Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасын қайта бағдарлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл тізімде Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Пхохан ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және т.б. бар.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауға басымдық техникалық мамандықтарға беріліп келеді. Биыл грантт
13/04/2022
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАН ПАРАМАУНТ ИНЖИНИРИНГ» ЗАУЫТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫМемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың инженерлік-техникалық мамандықтардың тартымдылығын арттыру мақсатында білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігі туралы тапсырмасын орныдау аясында, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Ә.Жанғозин броньды дөңгелекті машина шығаратын «Қазақстан парамаунт инжиниринг» зауытына барды. Онда кәсіпорынның конструкторлық бюросымен және заманауи бронетранспортерлер шығарудың Орталық Азиядағы бірегей технологиясымен танысты.
Іс-шара барысында Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы кәсіпорын басшылығымен және мамандарымен елімізд
12/04/2022
Ғылым күнімен!2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қазандағы № 164 Жарлығымен ғылым қызметкерлері күні бекітілді. Бұл күннің осы атауға ие болуының бірден-бір себебі – Қаныш Сәтбаев. Себебі дәл бүгін қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген күн.
Ғылыми жаңалықтар, зияткерлік қызмет әрқашан да табысты дамудың негізі әрі мемлекет өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және болып қала бермек.
Халықаралық бағдарламалар орталығы өзінің ғылыми жобаларын табысты іске асыра отырып, қазақстандық және әлемдік ғылым саласы
08/04/2022
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИАТЫ АҚШ-ТА БАЛАЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Әсел Әбілдаева Лос-Анджелес қаласындағы Оңтүстік Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, бос уақытында Qazaq Community California аясында балаларға Қазақстан тарихы мен қазақ тілін үйретеді. Әсел балаларға арналған оқу бағдарламасын әзірледі. Ол өзінің сабақтарында геймификация элементтерін белсенді қолдана отырып, қазақ тілін жеңіл әрі қызықты етіп үйретуде.
«Менің ойымша, шетелде тұратын отандастарым, әсіресе балалар ана тілін, мәдениетін, халқының тарихын білуі керек.
Балалар қазақ тілін, еліміздің тарихын қуана оқиды. Мен оларға ұл