Өзекті жаңалықтар мен анонстар
21/01/2022
Назар аударыңыздар!Құрметті стипендиаттар, келісім-шарт жасау үшін Орталыққа келудің қажеті жоқ.
Стипендиаттарды қабылдау қатаң түрде электрондық кезек тәртібінде жүргізіледі.
Белгіленген күні мен уақыты стипендиаттардың электрондық мекен-жайына жіберілді.
Орталықтың сақтық шарасына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Құрметпен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ
19/01/2022
Шарт жасау бойынша ақпаратҚұрметті стипендиаттар, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында және Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның көптеп анықтауына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы келісім-шарттар басымдылық жағдайда жасалатын стипендиаттардың тізімін жасауда.
Тізімге ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында оқу/тағылымдама басталатын стипендиаттар кіреді.
Брондау жүйесіндегі тапсырыс туралы хабарлама (кезек нөмірі, келісім-шартты жасау күні мен уақыты) стипендиаттың ұялы телефонына және электрондық поштасына жіберіледі. Кешігіп келгендер мен тізімнен тыс стипендиаттар қабылда
17/01/2022
Австралия мемлекеті «Спутник V» вакцинасын алғандарға елге кіруге рұқсат бердіАвстралия мемлекеті «Спутник V» вакцинасын алғандарға елге кіруге рұқсат берді Австралияның ішкі істер министрлігі «Спутник V» коронавирустық вакцинасының екі дозасын алғандарды елге кіргізетін болды.
Сондай-ақ, хабарламада соңғы екпе алғаннан кейін кемінде жеті күн өтуі керек деп көрсетілген. Сонда ғана келуші толығымен екпе алған болып саналады. Шетелден келгендердің толық вакцинацияланғаны туралы сертификаты болуы керек.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың қаңтар айында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарға қолжетімділі
17/01/2022
«STIPENDIUM HUNGARICUM» СТИПЕНДИЯСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТМажарстан сайтында stipendiumhungaricum.hu қазақстандықтар үшін Stipendium Hungaricum өтінімдерді тіркеу мерзімі 2022 жылғы 24 қаңтарға дейін ұзартылды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпараттар біздің bolashak.gov.kz ресми сайтымыз бен әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жарияланады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да толық құжат пакеті: 1) «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы; 2) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында кезекті брондау арқылы қолма қол қабылданады.
13/01/2022
ПОЛЬШАНЫҢ СТИПЕНДИЯЛЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫI. Лейн Киркланд атындағы стипендиялық бағдарлама
Бағдарлама аясында Польшадағы бес академиялық орталықтың (Варшава, Краков, Вроцлав, Познань, Люблин) бірінде 2 семестр оқу, мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес ұйымдарда кемінде 2 апталық кәсіби тағылымдамадан өту, сондай-ақ тренингтер мен мастер-класстар ұсынылады.
Грант мыналарды көздейді:
Сонымен қатар, Бағдарлама мыналарды қамтамасыз етеді (айына шамамен 4200 злота):
13/01/2022
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары ДДҰ мақұлдаған вакцинаны қайта ала алады«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарға қол жетімділік қамтамасыз етілді. Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің өтініші бойынша коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.
Нәтижесінде ВАК стипендиаттарды ДДҰ мақұлдаған вакцинамен вакцинациялауға рұқсат берді. Осындай шешімнің арқасында «Болашақ» стипендиясының иегерлері ДДҰ мақұлдаған вакциналарды алған кезде ғана кіруге рұқсат етілген елдерге кедергісіз бара алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 ж
12/01/2022
«Stipendium Hungaricum» стипендиясына үміткерлерге арналған ақпаратҚұрметті Венгрияда оқуға үміткерлер, Қазақстан Республикасының аумағында ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі Венгр тарапына құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы сұрау жіберді.
Қосымша ақпарат кейінірек bolashak.gov.kz ресми сайтында және әлеуметтік желілеріміздегі парақшаларымызда жарияланады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да толық құжат пакеті: 1)«Электрондық Үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады https://egov.kz/.../services/higher_education/pass_203_mon
2) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ http://bolashak.gov.kz/ сайтында кезекті бро
10/01/2022
стипендиаттарға арналған ақпаратҚұрметті «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен стипендиаттар арасындағы шарт жасасу процесі штаттық режимде жүргізіледі, құжаттарды қабылдау Орталықтың кеңсесінде сағат 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу талап етілмейді.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Шарттық және талап-арыз жұмысы басқармасы: 8(7172)769079, 8(7172)769075, 8(7172)769080, 8(7172)249377.