Өзекті жаңалықтар мен анонстар
03/02/2026
Нұржанна Бакуова – «Болашақ» бағдарламасының түлегіНұржанна Бакуова – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы Глазго университетінде «Биомедициналық инженерия» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
Аталған бағытты таңдауы оның ғылымға, әсіресе биомедицина саласындағы өзекті мәселелерге деген терең қызығушылығымен байланысты. Оқу барысында Нұржанна берік зерттеу базасын қалыптастырып, деректерді талдау, сыни ойлау және пәнаралық өзара іс-қимыл дағдыларын меңгерді. Бүгінде бұл қабілеттерін кәсіби қызметінде табысты қолдануда.
Оқуын аяқтағаннан кейін Нұржанна Nazarbayev University-дің Биология кафедрасында еңбек жолын оқытушы-асс
02/02/2026
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ынтымақтастық перспективаларын талқылады«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында халықаралық және кәсіби тағылымдамалар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылып, тараптар үшін өзара қызығушылық тудыратын басым бағыттар анықталды.
Кездесуді ашқан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Кусманов Орталықтың негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті. Өз сөзінде ол: «Ұлттық және жаһандық экономика талаптарына сай бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыру – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі», - деді.
Бұл ретте Әділ Кусман
30/01/2026
Халықаралық серіктестік: EPLO және Италия Елшілігі өкілдерімен ынтымақтастық талқыланды«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да European Public Law Organization (EPLO) және Италия Елшілігінің өкілдерінің қатысуымен ресми кездесу өтті. Кездесу барысында Еуропалық жария құқық ұйымымен ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды. Айрықша назар профессор-оқытушылар құрамы мен академиялық қызметкерлерге, сондай-ақ мемлекеттік басқару, менеджмент және құқық саласында жұмыс істейтін басшылар мен мамандарға арналған тағылымдамалық мүмкіндіктерге аударылды.
Кездесудің кіріспе сөзін Орталықтың Басқарма төрағасы Әділ Кусманов алды. Ол «Болашақ», «Ғылыми тағылымдамалар», Study in Kazakhst...
28/01/2026
«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ МЕН ШАНХАЙ ЦЗЯОТУН УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ пен Шанхай Цзяотун университеті өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Бұл білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ жаңа академиялық серіктестік мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Меморандум рәсімінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Кусманов қатысушыларға Орталықтың негізгі қызмет бағыттарын, сондай-ақ «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларындағы соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстырды. Сонымен қатар, ол меморандумның мақсаттары ...
25/01/2026
Министр Саясат Нұрбектің Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттермен кездесуі өттіUniversity College London университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесуі өтті.
Кездесу аясында Министр «Kazakhstan: the Territory of Academic Knowledge» тақырыбында дәріс оқып, Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықтың басымдықтарына тоқталып, білім беру үдерісін цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу бойынша жүзеге асырылып жатқан негізгі бастамалар туралы баяндады.
Жиы
23/01/2026
«Түркия стипендиялары» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдануда«Түркия стипендиялары» бағдарламасы аясында Қазақстан азаматтарына бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша Түркияның жоғары оқу орындарында білім алу және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мүмкіндігі ұсынылады.
Өтінімдер 2026 жылғы 20 ақпанға дейін қабылданады.
«Түркия стипендиялары» бағдарламасына қатысты толық ақпаратты www.turkiyeburslari.gov.tr ресми сайтынан қарауға болады:

21/01/2026
Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшылығы БҰҰ-Туризм (UN Tourism) ұйымымен өзара іс-қимыл аясында Халықаралық туризм академиясының Самарқанд кампусының құрылғаны туралы хабарладыАталған бастама шеңберінде БҰҰ-Туризм ұйымына мүше болып табылатын Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің азаматтарына туризм саласы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді білім беру бағдарламалары аясында 100 стипендия беру көзделген.
Халықаралық туризм академиясы UN Tourism ұйымымен ынтымақтастықта құрылған әлемдегі алғашқы академия болып табылады және туризм саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың өңірлік орталығы ретінде қызмет атқарады.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген үміткерлер өтінімдерін келесі электрондық пошта мекенжайларына жолдауы тиіс: inf...
21/01/2026
Қытайды жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжат қабылдау басталдыҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2026-2027 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға келесі бағдарламалар бойынша 73 білім грантын ұсынады:
Грант келесі шығындарды өтейді:
Ескертеміз!!! Қалған шығынды грант иегері өзі төлейді.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиял