Жарияланған күні:
Утегенова Әсем Ержанқызы – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, тау – кен мамандығы бойынша машиналар мен жабдықтар бағытында философия докторы (Phd).
Қазіргі таңда ол Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Satbayev University), Ә.Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институтының Технологиялық машиналар және газтурбиналық қондырғылар кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарады.
2023 жылы Әсем Ержанқызы ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының аясында Польшаның Катовице қаласындағы Силезия технологиялық университетінде тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында Erasmus+ BIP интенсивті халықаралық бағдарламасына қатысып, Венгрияның Сегед университетінде ғылыми сабақтар мен практикалық жұмыстарда белсенділік танытқан.
Ағымдағы уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024–2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанып, АР23489685 «Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру кезінде карьерлік технологиялық жолдарының ақаулары мен сипаттамаларын цифрлық бақылау әдісін әзірлеу» тақырыбындағы зерттеу жобасының ғылыми жетекшісі болып жұмыс жасауда.
Айта кетейік, ғалым 2018 және 2019 жылдары KazMinerals Bozymchak (Қырғызстан) және KazMinerals Ақтоғай (Қазақстан) кәсіпорындарында кең көлемді тәжірибелік зерттеулер жүргізген.
Толығырақ сұхбатта