BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

07/04/2022

Польшада оқу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 15 сәуірге дейін ұзартылды

Құрметті Польшаға үкіметаралық гранттарға үміткерлер, құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 15 сәуір сағат 18:00-ге дейін ұзартылды.

Құжаттардың толық пакеті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на қолма-қол тапсырылады. Еске сала кетейік, құжаттарды үміткердің жеке өзі немесе оның сенім білдірілген адамы тапсыра алады. Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда - өкілде үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы міндетті.

Толық оқу
бөлісу

07/04/2022

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Халықаралық бағдарламалар орталығының Директорлар кеңесінің шешімімен Орталықтың басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Бейсенбекова Гүлнұр Жұмағалиқызы тағайындалды.

Ол Орталықтың қаржылық қызметіне, оның ішінде бюджеттік жоспарлау және «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының оқуын қаржыландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Гүлнұр Бейсенбекова 1983 жылы туылған. 2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде экономика жән

Толық оқу
бөлісу

05/04/2022

Әзірбайжанда оқуға 10 грант бөлінді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2017 жылғы 3 сәуірдегі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзербайжан үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2021-2022 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 10 оқу грантын ұсынады:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша 5 орын.

Оқу әзербайжан, орыс немесе ағылшын тілдерінде. Оқыту тілі немесе мамандығы бойынша тиісті білімі бар студенттер үшін дайындық жұмыстары ұйымдастырылады. Курстардың ұзақтығы - 6 ...

Толық оқу
бөлісу

04/04/2022

Халықаралық бағдарламалар орталығына 17 жыл толды!

2005 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.

Қызметінің негізгі мәні - шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.

17 жыл ішінде Орталық «Болашақ» халықаралық бағдарламасына бірқатар жаңғырту мен жетілдіруді жүргізді, ал 2018 жылдан бастап үкіметаралық гранттар әкімшісі болып табылады.

Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламас

Толық оқу
бөлісу

17/03/2022

ПОЛЬШАҒА БІЛІМ ГРАНТЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде Польша Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдайды.

Қазақстан азаматтарына 11 грант бөлінді:

  • «бакалавр» білім дәрежесі бойынша – 3;
  • «магистр» білім дәрежесі бойынша – 4;
  • «докторантура» білім дәрежесі бойынша – 4.

Құжаттардың толық пакеті 2022 жылғы 17 наурыздан 15 сәуірге дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау Egov.kz қызметі арқылы жүзеге асырылады және «Халықаралық б

Толық оқу
бөлісу

16/03/2022

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ МЕН «ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТАДЫ

Биыл 15 наурызда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ануар Жангозин және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрайымы Гүлмира Исаева Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум Тараптар арасында тығыз ынтымақтастықты қалыптастыру негізін қалайды. Атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде агроөнеркәсіптік сектор мамандары үшін академиялық оқу және тағылымдамадан өту, Президенттік стипендия түлектерін жұмысқа орналастыру, тәжірибе алмасу жүйесін дамыту.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алғаш рет агроөнеркәсіптік кешен сала

Толық оқу
бөлісу

14/03/2022

ҚХР-да оқуға ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияланды

2022 жылғы 10 наурызда үкіметаралық гранттар шеңберінде ҚХР жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды конкурстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында қазақстандық тарап Қытайдың жоғары оқу орындарында оқуға 18 адамды ұсынды.

Әңгімелесу регламент бойынша қатаң түрде өткізілді әрі мына мәселелерді анықтау үшін әрбір үміткерге міндетті үш сұрақ қойылды:

– мамандық таңдаудағы уәждемелік және түйсіну деңгейі; – оқудағы немесе таңдаған кәсіп саласындағы теориялық білімі мен жетістіктерінің деңгейі; – пайымдау логикасының деңгейі, сөз саптау сапасы, жағдаяттық мәсел

Толық оқу
бөлісу

14/03/2022

«Stipendium Hungaricum» стипендиясына ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияланды

2022 жылғы 10 наурызда үкіметаралық гранттар шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды конкурстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында қазақстандық тарап Мажарстанға «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша оқуға түсуге 245 адам ұсынды және 96 адам резервтік тізімге енгізілді.

2022-2023 оқу жылына арналған осы бағдарлама аясында Мажар тарапы Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынды:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу мерзімімен 110 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша оқу мерзімімен 90 орын;
  • бакалавриат+магистратура бағда
Толық оқу
бөлісу