Жарияланған күні:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Италия Республикасының Елшісі Марко Альбертимен кездесті.
Кездесуде тараптардың алдағы уақыттағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.
Қазіргі уақытта Италияда 48 «Болашақ» стипендиаты «бейнелеу өнері, дизайн», «Арт-менеджмент, музейтану», «Дизайн. Сәндік өнер. Кескіндеме. Бейнелеу өнері. Мүсін», «Машина жасау технологиясы», «Сәулет. Құрылыс», «Әлеуметтану», «Өнеркәсіптік инженерия» мамандықтары бойынша білім алуда. Италия мемлекеті өзінің архитектуралық жетістіктерімен танымал. Сол себепті студенттердің таңдайтын мамандықтардың басым бөлігі сәулет құрылысы саласы болып табылады.
Ұсынылған жоғары оқу орындарының қазіргі редакциясында екі жетекші итальяндық жоғары оқу орындары бар. Олар: Sapienza University of Rome және University of Bologna.