Жарияланған күні:

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ВЕНГРИЯ ЖОО-НЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтың «Венгрия университеттерінің студенттері, докторанттары мен түлектерінің Қазақстандық қауымдастығы» қоғамдық ұйым төрағасы Данара Смайлмен және төрағасының орынбасары Айнұр Шакеновамен кездесуі өтті.

«Болашақ» бағдарламасы аясында Венгрияда білімін арттыратын стипендиаттардың басым көпшілігі гуманитарлық мамандықтарды таңдайды. Олар «Халықаралық қатынастар мен жаһандық дамудың саяси мәселелері», «Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, экология», «Тұрақты ауыл шаруашылығы», «Ауыл шаруашылығы экономикасы. Ауыл шаруашылығы» және т.б. мамандықтары бойынша білім алды.

Сондай-ақ, үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтарға жыл сайын «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша жетекші венгриялық жоғары оқу орындарында академиялық оқуға білім беру гранттары беріледі. Грант оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайынғы стипендия төленеді. Биыл іріктеуге 900-ге жуық үміткер қатысты.

1.jpg

2.jpg

3.jpg