Жарияланған күні:
Бүгін Түркия Республикасының Елшілігінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.
Олжас Сәкенов халықаралық бағдарламаның 30 жыл ішінде қандай жетістіктерге жеткені және Қазақстанның өркендеуіне қосып жатқан үлесі туралы айтып берді.
Анықтама үшін, бүгінгі таңда стипендиаттар Түркия Республикасын (500 ғалым) ғылыми тағылымдамадан өту үшін таңдайды. Анықтама үшін, бүгінгі таңда стипендиаттар Түркия Республикасын (500 ғалым) ғылыми тағылымдамадан өту үшін таңдайды. Қазіргі таңда 30-дан астам стипендиат Akdeniz University, Ankara University, Nigde Ömer Halisdemir Üniversitesi, Istanbul University жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Түлектердің басым бөлігі гуманитарлық бағыттар бойынша дайындалған.
Тараптар бірлескен ынтымақтастыққа бағытталған жүйелі жұмыс жалғасатынын жеткізді.