BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

10/05/2024

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТЫП ЖАТЫР

Ғалымдардың көптеген өтініштеріне байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс орнатуға көмек көрсетеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығының» сарапшылары «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өту үшін шетелдік университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарынан байланыс орнатуға және шақырту алуға ресми және тегін көмек көрсетеді.

«500 ғалым» жобасы Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген жүздеген ғалымдарға біліктілігін арттыру және ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен универси

Толық оқу
бөлісу

03/05/2024

ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚУҒА 11 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰСЫНЫЛДЫ

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен 11 қазақстандық Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Польша Республикасының тарапынан қабылданады.

Грант академиялық оқу шығындарын өтейді және докторантура бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу поляк тілінде өтеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ү

Толық оқу
бөлісу

25/04/2024

ВЬЕТНАМ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

29 сәуірде Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2024-2025 оқу жылына арналған Келісім шеңберінде «бакалавриат» бағдарламасы бойынша Вьетнам Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға құжаттарды қабылдау басталады.

Өтінімдер eGov.kz «Электрондық Үкімет» порталы арқылы онлайн немесе Астана қаласындағы ХБО кеңсесінде 2024 жылғы 29 сәуір сағат 9:00-ден 2024 жылғы 12 маусым сағат 18:30-ға дейін қолма-қол қабылданады.

Қазақстандық азаматтар үшін «Бакалавриат» білім беру бағдарламасы бойынша 3 грант бөлінді.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • т
Толық оқу
бөлісу

25/04/2024

ТІЛДІК БАҒДАРЛАМА, ЖОО ФИЛИАЛДАРЫ: ҰЛЫБРИТАНИЯ СІМ БАСШЫСЫНЫҢ САПАРЫ АЯСЫНДА ҚАНДАЙ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақтілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Негізгі келісімдердің қатарында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш. Шаяхметов атындағы "Til Qazyna" ұлттық ғылыми — практикалық орталығы, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ және Оксфорд университеті арасында жасалған "500 ғалым" ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы шеңберінде Оксфорд университетінде Қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандум бар.

Сонымен қат

Толық оқу
бөлісу

19/04/2024

«Болашақ» стипендиясына және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамаларына құжаттарды қабылдау басталады

2024 жылы алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына құжаттарды қабылдау үздіксіз жүргізілетін болады. Құжаттарды қабылдау 29 сәуірге жоспарланған және 25 қазанда аяқталады.

Конкурстық іріктеу 2024 жылғы 10 мамырдан 30 қарашаға дейін өтеді. «Болашақ» стипендиясына құжаттар egov.kz. порталы арқылы қабылданады «500 ғалым» бойынша өтінімдерді қабылдау және конкурстық іріктеу алғаш рет bolashak.gov.kz. порталында «Үміткердің жеке кабинеті» бөлімінде онлайн жүргізіледі. Шетелде кадрлар даярлау кезінде басымдық инженерлік-техникалық және медициналық маманды

Толық оқу
бөлісу

18/04/2024

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУДЬЯЛАР «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ГЕРМАНИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕ АЛАДЫ

«Болашақ» стипендиясы қазақстандық мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету миссиясын жалғастыруда, бұл жолы өз көкжиегін әділет саласына кеңейтуде. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және Висмар Шығыс институты (Германия) арасында тиісті меморандум жасалды, демек, енді қазақстандық соттар шетелде тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік алады.

Мемлекет басшысының әкімшілік сот төрелігін кеңейту туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында қазақстандық судьялар Висмар қолданбалы ғылымдар университетінің жанындағы Висмар Шығыс инсти

Толық оқу
бөлісу

17/04/2024

ШВЕЙЦАРИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» Басқарма төрағасы Ә. Оспанованың Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Балмен кездесуі өтті. Талқылау барысында Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Елші Салман Бал «Болашақ» бағдарламасына терең қызығушылық танытып, президенттік стипендияның халықаралық даңқы мен беделін атап өтті. Елші Швейцария университеттерінің ХБО-мен ынтымақтастығын кеңейтуге және қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлескен іс-шаралар өткізуге дайын екенін растады.

- «Швейцарияның білім беруде бай тәжірибесі мен ...

Толық оқу
бөлісу

16/04/2024

ИЛЛИНОЙС УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ

Қазақ мәдениеті күні АҚШ-тың беделді жоғары оқу орындарының бірі Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде кеңінен атап өтілді. QS рейтингінде ЖОО 64-орынды, THE рейтингінде 42 орынды алады. Іс-шараны осы ЖОО-да оқитын «Болашақ» бағдарламасының және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасының стипендиаттары ұйымдастырды.

Әлемнің жиырмадан астам елінің студенттері мен аталған университет профессорлары қатысқан шара «Экономика» факультетінің магистранты Дәулет Тұрсынбай мен «Материалтану және инженерия» факультетінің докторанты Нурила Қамбардың тұсаукесерінен басталды. Іс-шараға келген қонақтар халықа

Толық оқу
бөлісу