BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

26/01/2024

IT- КОМПАНИЯЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2024 жылғы 26 қаңтарда "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қазақстандық және халықаралық жетекші IT-компаниялардың өкілдеріне АТ жоспарлары туралы онлайн түрде презентация жасады.

Кездесу барысында Басқарушы директор Е. М. Сырлыбай қатысушыларды орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, ақпараттық өнімдердің ағымдағы жай-күйімен егжей-тегжейлі таныстырып, орталықты цифрлық трансформациялау жоспарларымен бөлісті.

IT саласының сарапшыларын жинаған кездесу IT саласының сарапшы қатысушылары арасында белсенді пікір алмасуға және тәжірибе алмасуға ықпал етті және цифрлық экожүйені дамытуда бірлес

Толық оқу
бөлісу

25/01/2024

ТҮРКИЯ ЕЛІНЕ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ

Түркия Мемлекетінің «Түркия стипендия» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық жастарға бакалавр мен магистратура бойынша оқуға ниетті үміткерлер мен зерттеушілер үшін түрік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі ұсынылады.

Түрік тарапының хабарлауынша, аталған бағдарлама аясында 2024-2025 оқу жылдарына бакалавриат пен магистратура бойынша оқу үшін өтініштер ү.ж. 10 қаңтар мен 20 ақпан аралығында қабылданады.

«Түркия стипендиялары» бағдарламасы туралы толық ақпаратты www.turkiyeburslari.gov.tr ресми сайтынан алуға болады.

Білім алуға қатысты презентациялық материалдарды www.turkiyeburslari...

Толық оқу
бөлісу

25/01/2024

ӨТІНІШТЕРДІ ТАПСЫРУ: СТИПЕНДИАТТАРҒА ЕСКЕРТУ

Құрметті стипендиаттар!

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияна кезекті өтінімдер 2024 жылдың 8 ақпанына дейін қабылданады және ақпан айының соңына дейін қаралады.

Бұл күннен кейін берілген өтініштер наурызда өтетін Комиссия отырысында қаралады.

фото.jpg

Толық оқу
бөлісу

24/01/2024

ҚҰРМЕТТІ "STIPENDIUM HUNGARICUM" СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ГРАНТЫНА ҮМІТКЕРЛЕР

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінің (дербес онлайн-сұхбаттың) басталғаны туралы хабарлаймыз. Сұхбат Zoom сервисі арқылы 23 қаңтар мен 8 ақпан аралығында таңғы 09.30-дан кешкі 18.00-ге дейін өтеді. Сұхбаттың барлық қатысушыларына электрондық поштаға (сауалнамада көрсетілген) немесе телефонға (WhatsApp) Zoom конференциясына қосылатын сілтеме жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-сұхбат аудио және бейнежазбаға жазылады.

Үміткерлерге арналған қысқаша нұсқаулық:

1) сұхбатты бастамас бұрын үй-жайды дайындау, алаңдататын факторларды (басқа адамдар, шу, гаджеттер, теледидар) болдырмау қаже

Толық оқу
бөлісу

24/01/2024

ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанованың Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиус Навикаспен және елшіліктің экономикалық мәселелер жөніндегі атташесі Юлиус Митемен кездесуі өтті.

Кездесуде «Болашақ» бағдарламасы бойынша ынтымақтастықты кеңейту және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалары талқыланды. Литваның көптеген жоғары оқу орындары «Халықаралық бағдарламалар орталығының» стратегиялық серіктесі болуға және оқуға ұсынылған жоғары оқу орындарының тізіміне кіруге дайын екендіктерін білдірді. Бүгінгі таңда Литва Республикасында 15 а

Толық оқу
бөлісу

22/01/2024

АУСТРИЯ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ, ТҮЛЕКТЕРГЕ ЖӘНЕ ҒАЛЫМДАРҒА ГРАНТТАР БӨЛУДЕ

Аустрияның Федералдық білім, ғылым және зерттеулер министрлігі шетелдік студенттерге, түлектерге және ғалымдарға 2024-2025 оқу жылына іріктеу кезеңі басталғанын хабарлады.

Өтініш беру мерзімі талаптары және басқа да ақпарат Аустрияның Федералдық білім, ғылым және зерттеулер министрлігінің және Аустрияның Білім және интернационалдандыру агенттігінің ресми парақшасында (www.grants.at) неміс және ағылшын тілдерінде көрсетілген.

фото.jpg

Толық оқу
бөлісу

22/01/2024

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІЛДІКТІ КВОТАЛАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кездесуде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова, «Ауыл» партиясы Орталық аппаратының басшысы Қуаныш Сейтжанов және «Ауыл жастары» жастар қанатының төрағасы Дәурен Рахымбек шетелдегі ауылдық жерлерден мамандарды даярлау, қайта даярлау және тағылымдамадан өткізу мәселелерін талқылады.

2020 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде тұратын қазақстандықтар үшін квота енгізілді. Осы санаттағы үміткерлер жеңілдікті шарттар бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге қатыса алады: шет тілін білуге қойыл

Толық оқу
бөлісу

19/01/2024

МАЖАРСТАННЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» басқармасының төрағасы Әлия Оспанова Мажарстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Рона Отто Иванмен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге Мажарстан жоғары оқу орындарының студенттері, докторанттары мен түлектері қауымдастығының өкілі Данара Смайл қатысты.

Тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Мажарстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша 10 адам оқуын аяқтады. Сонымен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Stipendium Hungaricum» бағдарламасын басқарады. 2024-2025 оқу жылына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім ми

Толық оқу
бөлісу