Өзекті жаңалықтар мен анонстар
21/07/2022
АУЫЛ МҰҒАЛІМІ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН АҚШ-ТЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСТІАлматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Гүлзия Құманқанға «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Гүлзия АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – Оңтүстік Флорида университетінде «Математикалық білім беру» мамандығы бойынша магистратурада оқиды.
Педагог интернет желісіндегі онлайн сабақтар мен дәрістердің көмегімен ағылшын тілін бастапқы деңгейден жоғары деңгейге дейін меңгерді. Гүлзия шет тілін күніне 5-6 сағат бойы оқыды. Осының арқасында ол IELTS емтиханы бойынша 9 жоғары балдан 7 балл жинап, АҚШ-тың ең беделді жоғары оқу орнына түсті.
...15/07/2022
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫРеспубликалық комиссия шешімімен биылғы жылдың бірінші ағынында стипендия 199 қазақстандыққа тағайындалды. Олардың ішінде Гарвард, Кембридж, Оксофрд, Колумбия, Стэнфорд, Пенсильвания, Корнелл университеттері секілді әлемнің үздік жоғары оқу орындарына магистратураға 187, докторантураға 12 адам оқуға түсті.
Ағымдағы жылғы 12 шілде күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
«Мемлекет басшысының «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасы бойынша инженерлік
15/07/2022
200-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАЖАРСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОО-ЛАРЫНДА ТЕГІН ОҚИДЫStipendium Hungaricum бағдарламасы гранттар иегерлерінің тізімі бекітілді. Мажарстанның жетекші ЖОО-ларында 195 қазақстандық оқитын болады, олардың ішінде 102 – бакалавриат бағдарламасы бойынша, 72 – магистратурада, 10- бакалавриат+магистратура бағдарламалары бойынша, 11 – докторантурада. Резервтік тізімге 19 үміткер кірді.
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтарға жыл сайын Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында академиялық білім алуға арналған гранттар ұсынылады. Грант оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыруды өтейді, сонымен бірге ай сайын стипендия төленеді.
«Биыл ү
15/07/2022
«Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша стипендиаттар тізімі жарияланды«Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша Мажарстан ЖОО-ларында оқуға арналған стипендиаттардың тізімі бекітілді.
Негізгі тізімге 195 қазақстандық, резервтік тізімге – 19 еліміздің азаматы кірді.
«Stipendium Hungaricum» стипендиясы иегерлерінің негізгі тізіміне енген стипендиаттар 60 күн ішінде оқу шартын жасау үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға жүгіну қажет. Шарт жасау үшін Орталық сайтының басты бетінде кезекке тұрып, өзіңмен бірге жеке куәліктің түпнұсқасын алып келу керек.
Сондай-ақ шарт жасау бойынша кеңес алу үшін Шарттық және талап-арыз жұмысы басқармасына келесі эл. п
14/07/2022
Басқарма төрағасы АӨСШК Жастар кеңесінің V-ші отырысына қатысты«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Жастар кеңесінің V-ші отырысы аясында өткен «Жастармен және студенттермен алмасу бағдарламалары» тақырыбындағы семинар-сессиясына қатысты.
Іс-шарада Әнуар Жанғозин «Болашақ» халықаралық бағдарламасы қазақстандықтар үшін әлеуметтік лифтіге айналғанын айтты.
«Бағдарлама көптеген қазақстандықтар үшін нағыз әлеуметтік лифтіге айналды. Себебі бағдарлама аясында стипендиаттардың әлеуметтік жағдайымен байланысты ешбір критерий қарастырылмаған. Оған еліміздің кез к
12/07/2022
Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткіздіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы 199 қазақстандыққа берілді. Олар магистратура мен докторантурада оқитын болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса мән берілді. Егер өткен жылы инженерлік-техникалық мамандықтарға 36% стипендия бөлінсе, биыл 60% бөлінді.
Сонымен қатар, медициналық бағыттағы академиялық бағ
11/07/2022
АУЫЛДЫҚ КВОТА БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСКЕН «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИАТТАРЫ КЕПІЛ МҮЛІГІН ҰСЫНУҒА МІНДЕТТІ ЕМЕСАуылдық жерлерде тұратын қазақстандықтар үшін «Болашақ» бағдарламасы бойынша квота сақталады. Ауыл тұрғындары «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге жеңілдікті шарттар бойынша қатыса алады.
Халықаралық стипендия қағидаларына сәйкес квота бойынша халықаралық стипендияға соңғы үш жылда ауылда тұратын азаматтар үміткер бола алады. Сондай-ақ, олар ауылдық елдімекенде соңғы екі жылда жұмыс істеуі тиіс.
Бұдан бөлек ауылдық квота бойынша үміткерлер дипломының орташа баллы - GPA 4.00-ден 2,67-ден кем болмауы қажет. Сонымен бірге мемлекеттік тіл бойынша В1 деңгейінен ке
06/07/2022
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Лондонда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровпен кездестіҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Лондонда «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып жатқан қазақстандық жастармен кездесті.
Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды реформалық бағдарламаларына тоқталып, жастарды қолдау шаралары туралы айтты.
Жиын барысында Асқар Қуанышұлы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жастардың Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосуы үшін терең білім алып, кәсіби шеберлікті арттыруға шақырды.
Өз кезегінде студенттер түрлі бағыттар бойынша ұсыныстарын айтып, академиялық және тағылымдамалық бағдарламалар арқылы Ұлыбританияның озық оқу