BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

09/02/2026

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Бразилия Елшісі бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды талқылады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марсел Фортуна Бьятоның қатысуымен кездесу өтті.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында тараптар академиялық ұтқырлық, кәсіби және ғылыми тағылымдамалар, сонымен қатар студенттер мен жас мамандарды шетелде оқытуды қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе магистратура және докторантура деңгейіндегі бағдарламаларға басымдық берілді. Сондай-ақ, басым мүддеге ие бағыттарды, қызығушылық танытқан университеттерді және қолжетімді қаржылық құралдарды айқ

Толық оқу
бөлісу

09/02/2026

ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР БОЙЫНША ҚЫТАЙДЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 2026 ЖЫЛҒА 18 АҚПАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2026-2027 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға келесі бағдарламалар бойынша 73 білім грантын ұсынады:

  • бакалавриат;
  • магистратура;
  • докторантура.

Грант мына шығынды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия;
  • медициналық сақтандыру;
  • жатақханада тұру

Ескертеміз!!! Қалған шығынды грант иегері өзі төлейді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кең

Толық оқу
бөлісу

06/02/2026

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықтың даму мүмкіндіктерін талқылады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Кусманов қатысушыларды Орталықтың қызметімен таныстырып, бүгінгі таңда авиация саласында «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларының 100-ден астам түлегі бар екенін атап өтті.

Кездесу аясында ағымдағы уақытта оқып жүрген стипендиаттарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Бола

Толық оқу
бөлісу

04/02/2026

Латвия мемлекетінің оқу және жазғы мектептерге арналған шәкіртақыларына өтінім қабылдау басталды

Латвияның «Study in Latvia» Білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттігі шетелдік студенттерге арналған мемлекеттік стипендиялар бөлінетінін хабарлайды.

Стипендиялар Латвияның жоғары оқу орындарында білім алу, профессорлық-оқытушылық құрамда оқыту, сондай-ақ Латвия университеттері ұйымдастыратын жазғы мектептерге қатысу үшін қарастырылған.

Латвия ЖОО 2026-2027 о.ж. оқуға мемлекеттік стипендия алу туралы қажетті ақпарат келесі сайттарда қолжетімді:

Өтінімдерді қабылдау: https://scholarships.vi...

Толық оқу
бөлісу

03/02/2026

Нұржанна Бакуова – «Болашақ» бағдарламасының түлегі

Нұржанна Бакуова – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы Глазго университетінде «Биомедициналық инженерия» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Аталған бағытты таңдауы оның ғылымға, әсіресе биомедицина саласындағы өзекті мәселелерге деген терең қызығушылығымен байланысты. Оқу барысында Нұржанна берік зерттеу базасын қалыптастырып, деректерді талдау, сыни ойлау және пәнаралық өзара іс-қимыл дағдыларын меңгерді. Бүгінде бұл қабілеттерін кәсіби қызметінде табысты қолдануда.

Оқуын аяқтағаннан кейін Нұржанна Nazarbayev University-дің Биология кафедрасында еңбек жолын оқытушы-асс

Толық оқу
бөлісу

02/02/2026

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында халықаралық және кәсіби тағылымдамалар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылып, тараптар үшін өзара қызығушылық тудыратын басым бағыттар анықталды.

Кездесуді ашқан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Кусманов Орталықтың негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті. Өз сөзінде ол: «Ұлттық және жаһандық экономика талаптарына сай бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыру – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі», - деді.

Бұл ретте Әділ Кусман

Толық оқу
бөлісу

30/01/2026

Халықаралық серіктестік: EPLO және Италия Елшілігі өкілдерімен ынтымақтастық талқыланды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да European Public Law Organization (EPLO) және Италия Елшілігінің өкілдерінің қатысуымен ресми кездесу өтті. Кездесу барысында Еуропалық жария құқық ұйымымен ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды. Айрықша назар профессор-оқытушылар құрамы мен академиялық қызметкерлерге, сондай-ақ мемлекеттік басқару, менеджмент және құқық саласында жұмыс істейтін басшылар мен мамандарға арналған тағылымдамалық мүмкіндіктерге аударылды.

Кездесудің кіріспе сөзін Орталықтың Басқарма төрағасы Әділ Кусманов алды. Ол «Болашақ», «Ғылыми тағылымдамалар», Study in Kazakhst...

Толық оқу
бөлісу

28/01/2026

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ МЕН ШАНХАЙ ЦЗЯОТУН УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ пен Шанхай Цзяотун университеті өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Бұл білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ жаңа академиялық серіктестік мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Меморандум рәсімінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Кусманов қатысушыларға Орталықтың негізгі қызмет бағыттарын, сондай-ақ «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларындағы соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстырды. Сонымен қатар, ол меморандумның мақсаттары ...

Толық оқу
бөлісу