Жарияланған күні:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылдың қорытындыларын назарларыңызға ұсынады. Биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасын жетілдіру бойынша маңызды өзгерістер жүзеге асты.
Атқарылған жұмыстар бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып, үміткерлердің кәсіби дамуына, білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аймақтық академиялық хабы ретіндегі халықаралық беделін нығайтуға бағытталғанмаңызды қадамдар болды.
Бұл жұмыстар 2026 жылы да жалғасып, қолданыстағы жобаларды әрі қарай дамыту және жаңа бастамаларды іске асыру көзделуде.



