BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

16/10/2023

NEW YORK FILM ACADEMY-МЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығының» кеңсесінде New York Film Academy-мен кездесу өтті. NYFA делегациясының құрамына Sony Calderon, академиялық мәселелер жөніндегі Вице-президент және NYFA халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Lizzi Sack қатысты.

Нью-Йорк фильм академиясы (NYFA) - Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Майамиде орналасқан жеке коммерциялық кино және актерлік мектеп.

Университетте «filmmaking», «acting for film», «photography», «producing», «screenwriting», «3D animation and visual effects», «broadcast journalism», «virtual reality» және басқа да көптеген пәндер оқытылады....

Толық оқу
бөлісу

16/10/2023

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» МИННЕСОТА УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

16 қазанда University of Minnesota-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Делегация құрамында 13 UMN өкілі, оның ішінде декандар, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, ағылшын тілі бағдарламаларының мамандары бар. Кездесуге Колин Гарден, АҚШ елшілігінің Білім және мәдениет атташесі және Миннесота университетінің түлектері қатысты.

Айта кетейік, University of Minnesotа, Twin Cities — Миннеаполис пен Сент-Полда, Миннесота штатының ең ірі қалаларында орналасқан зерттеу университеті. Бұл университет Миннесота университет жүйесінің ең көне және ең үлкен бөлігі болып табылады.

Қ

Толық оқу
бөлісу

16/10/2023

«БАҚЫТТЫ ШАҢЫРАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2023 жылғы 14 қазанда ерекше балалар мен олардың ата-аналарын қолдау мақсатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Бақытты шаңырақ” қоғамдық қорымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында оқушылар кәсіби бағдар, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі дамыту бойынша ақпараттарды алды. Тәлімгерлер ретінде әлеуметтік жобаға қатысуға өз еркімен ықылас білдірген «Болашақ» бағдарламасының түлектері — Насығазы Болат, University of Warwick (Ұлыбритания) түлегі, Саида Калыкова, Conservatorio Luigi Cherubini (Италия) түлегі, сондай-ақ ХБО өкілі Фариза Дамиева (түлектермен жұмыс басқармасының менеджері) сөз сөйледі

Толық оқу
бөлісу

11/10/2023

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРІКМЕНСТАНДАҒЫ БІЛІМ КҮНДЕРІ

Түрікменстанның Білім министрлігінің шақыруымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің қолдауымен Халықаралық бағдарламалар орталығы 10-12 қазан аралығында өтетін «Қуатты мемлекеттің Қайта өрлеу дәуіріндегі денсаулық сақтау, білім беру және спорт» халықаралық көрмесінде Қазақстанның білім күндерін өткізуде.

Іс-шараға Назарбаев Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлкей Марғұлан ат

Толық оқу
бөлісу

10/10/2023

БОЛАШАҚ СТИПЕНДИАТТАРЫ ИЗРАИЛЬДЕН ШҰҒЫЛ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Air Astana әуекомпаниясының рейсі Тель-Авивтен Алматыға ағымдағы жылдың 10 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те ұшты.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен 14 қазақстандық азамат шұғыл эвакуацияланды. Ұлттық мереке кезеңінде Дубайға ұшқан тағы 2 студент Қазақстанға жақын репатриациялық рейспен қайтарылады.

Естеріңізге сала кетейік, Израильде "Болашақ" бағдарламасы аясында Rabin Medical Center, Sheba Medical Center және т. б. ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтетін 16 стипендиат болған.

Толық оқу
бөлісу

09/10/2023

Құрметті стипендиаттар!

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссиясына кезекті өтінімдер 2023 жылғы 11 қазанға дейін қабылданады және қазанның соңына дейін қаралады.

Бұл күннен кейін берілген өтініштер қарашада өтетін Комиссия отырысында қаралады.

Толық оқу
бөлісу

06/10/2023

АУЫЛ ЖАСТАРЫ МҮМКІНДІКТЕН ШЕТ ҚАЛМАУ КЕРЕК

6 қазанда «Ауыл жастарының V Республикалық форумы» аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы арасында меморандумға қол қойылды.

Форумға Қазақстанның әр өңірінен келген «Ауыл жастары» ұйымының 70-ке жуық өкілі қатысты. Кездесу барысында тараптар ауылдық елді мекендердегі мамандарды даярлау, қайта даярлау және тағылымдамадан өткізу мәселелері бойынша пайымды пікір, ұтымды ұсыныстарды ортаға салды. Сонымен қатар шарада қатысушылар көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Меморандум шеңберінде өңірлерде шетелдік стипендиялық бағдарламалар, ...

Толық оқу
бөлісу

05/10/2023

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҮЛЕГІ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған «Өскенде кімі боласын?» атты тәлімгерлік жобасы басталды. «Болашақ» бағдарламасының 100-ге жуық түлегі жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Жобаға 9-11 сынып оқушыларына мамандықты таңдауға көмектесуге ниет білдірген болашақтықтар қатысады. Сондай-ақ, олар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында алған білімі мен тәжірибесімен бөліседі.

«Қолда бар орасан зор әлеует-түлектердің тәжірибесі мен білімі негізінде «Өскенде кім боласың?» ...

Толық оқу
бөлісу