Жарияланған күні:

8 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ОҚУҒА ТҮСУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Комиссия шешімімен 8 қазақстандық Әзірбайжан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес Қорытынды комиссия үш критерийді бағалау нәтижесі бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлерді тізімге қосты: шет тілін меңгеру деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға. Конкурстық іріктеуде баллдар теңдігі болған жағдайда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының үміткерлеріне, атап айтқанда көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, сондай-ақ ауылдық жерлерден үміткерлерге басымдық беріледі.

Үкіметаралық келісімдер аясында қазақстандықтарға Әзірбайжан Республикасының жоғары оқу орындарында академиялық оқуға білім беру гранттары жыл сайын ұсынылады. Грант оқу, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайын стипендия төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, жоғары оқу орындарында академиялық оқуға білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Әзірбайжан Республикасы тарапынан қабылданады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді аралық іріктеуді жүргізеді.

Тізімдегі фамилиялар алфавит бойынша орналасады, олардың орны олардың басымдылығын көрсетпейді және бірінші фамилия екінші немесе кез келген басқаға қарағанда маңызды немесе басымдылығын көрсетпейді.

Тізімге сілтеме