Жарияланған күні:
Тунгышбаева Ұлбала Облбекқызы, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының стипендиаты, PhD, Алматы технологиялық университеті Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Ұлбала Швейцарияның Swiss Higher Education мектебінде ғылыми тағылымдамадан өтті, ол зерттеу дағдыларын дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігі, азық-түлік технологиясы саласындағы ғылыми деректерді талдау мен өңдеудің озық әдістемелерін игеруге бағытталған.
Тағылымдама тақырыбы оның ғылыми жұмысымен, сондай — ақ Қазақстанның басым ғылыми бағыттары - азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің тұрақты дамуымен тікелей байланысты болды.
Климаттың өзгеруі, халықтың өсуі және ресурстардың шектеулілігі сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді дамыту тұрақты агроазық-түлік жүйелерін қалыптастыруда, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруда, сондай-ақ халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Мұндай тағылымдамалар Қазақстанда орнықты дамудың ұлттық стратегиясын іске асыруға ықпал ететін озық шешімдер мен инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.