BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

14/09/2023

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудағы төртінші лектің аяқталуына 1 күн қалды

Биыл «Болашақ» бағдарламасына қатысуға құжат қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Жыл сайын «Болашаққа» тапсыратын үміткерлердің саны артып келеді. Мұны біз байланыс орталығына хабарласқандардың көптігінен және өтінімдердің азаймай келе жатқанынан білеміз. Күн сайын байланыс орталығымызға 80-нен аса адам қоңырау шалып, кеңес сұрайды. Ал, құжат қабылдаудың алғашқы үш легіне 2 374 азамат қатысты. Ертең, яғни 15 қыркүйекте төртінші лекке құжат қабылдау аяқталады. Биыл стипендиат атанбаған азаматтар келесі жылы қатыса алады. Грант иегерлері еліміздің келешегі үшін

Толық оқу
бөлісу

14/09/2023

ХБО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ИТАЛИЯ ЕЛШІСІ МАРКО АЛЬБЕРТИМЕН КЕЗДЕСТІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Италия Республикасының Елшісі Марко Альбертимен кездесті.

Кездесуде тараптардың алдағы уақыттағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.

Қазіргі уақытта Италияда 48 «Болашақ» стипендиаты «бейнелеу өнері, дизайн», «Арт-менеджмент, музейтану», «Дизайн. Сәндік өнер. Кескіндеме. Бейнелеу өнері. Мүсін», «Машина жасау технологиясы», «Сәулет. Құрылыс», «Әлеуметтану», «Өнеркәсіптік инженерия» мамандықтары бойынша білім алуда. Италия мемлекеті өзінің архитектуралық жетістіктерімен танымал. Сол себепті студенттердің таңдайты

Толық оқу
бөлісу

12/09/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНА UNIVERSITY OF GLASGOW ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ХБО кеңсесінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтың Dr Guillaume Tiberghien, Glasgow университетінің Әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық мектебінің өкілімен кездесуі өтті.

Қазіргі уақытта ЖОО-да 27 стипендиат оқиды. Оның ішінде Education, Sustainable tourism and global challenges, Management, Finance, Public policy, Biomedical engineering, Mechanical engineering, Medicine, Cancer research және т. б. мамандықтар бойынша 16 магистрант және 11 докторант бар.

Орталық басшысы Олжас Сәкенов халықаралық бағдарламаның 30 жыл ішінде қандай жетістіктерге жеткені

Толық оқу
бөлісу

11/09/2023

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҰЛЫБРИТАНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУІ

Бүгін Ұлыбритания Елшілігінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Ұлыбританияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Личпен кездесті. Кездесуге British Council өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда Ұлыбританияда 481 адам білім алуда. Ал 32 жоғары оқу орны «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға арналған тізімде. Мысалы, Cardiff University, Durham University, Lancaster University, London School of Economics and Political Science, Newcastle University және т.б. ...

Толық оқу
бөлісу

07/09/2023

КЕПІЛ ЗАТЫН АУЫСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

«Халықаралық бағдарламар орталығы» АҚ Болашақ стипендиясын тағайындауына байланысты шарттар жасау кезеңінде қызметкерлердің жұмыс жүктемесінің көп болуы салдарынан 2023 жылғы 11 қыркүйектен бастап 11 қазанға дейінгі мерзімде кепіл затын ауыстыруға өтініштерді қабылдауды тоқтата тұратынын хабарлайды.

Толық оқу
бөлісу

07/09/2023

МАЛАЙЗИЯДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» мен Xiamen University, Malaysia компаниясымен келіссөздер аясында ЖОО-мен орталық арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандум жасалды.

Меморандум шеңберінде малайзиялық тарап Қазақстан азаматтарына арналған "бакалавриат" және "Foundation" (бакалавриат – 5, Foundation – 5) бағдарламалары бойынша оқуды(Full tuition fee waiver) толық қамтитын 10 грант бөлді.

Scimago Institutions Rankings 2023 мәліметтері бойынша, Xiamen University әлемдегі 142-ші орында, ал Academic Ranking of World Universities рейтингіне сәйкес-151-ші орында.

Academic R...

Толық оқу
бөлісу

06/09/2023

Құрметті «Болашақ» бағдарламасының түлектері!

Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлесіп Қазақстанда Social Innovation Hub тұжырымдамасын әзірлеу бойынша Форсайт-сессия өткізеді.

Social Innovation Hub (SIH) - Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба. SIH мақсаты Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта құру және әлеуметтік кәсіпкерлерге мәселелерді шешу бойынша қолдау көрсету болып табылады.

Кездесуде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің тәжірибесі мен біліктілігін ескере отырып ұсынылып отырған идеяның тұжырымдамасы пысықталатын болады. Алдағы уақыт

Толық оқу
бөлісу

06/09/2023

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЛАТВИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Латвия Республикасының Елшісі Ирина Мангулемен (Irina Mangule) және екінші хатшы, консул Марис Пучкамен (Maris Pucka) кездесті.

Кездесуде Латвияның жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен халықаралық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бүгінгі таңда Латвиядағы «ғылыми тағылымдама» бағдарламасы бойынша стипендиаттар «Transport and Telecommunication Institute», «Eka University of Applied Sciences», «Turība University», университеттерінде «Педагогика», «Құқық» және «Көлік, көлік техникасы

Толық оқу
бөлісу