Жарияланған күні:

ЛОНДОНДА СТИПЕНДИАТТАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

️Лондонда Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әлия Оспанованың «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Әлия Оспанова бағдарламаның алдағы өзгерістері мен болашаққа деген ауқымды жоспарларын айтты. Бұл стипендиаттардың қызығушылығын тудырып, олар белсенді түрде бағдарлама болашағы туралы сұрақтар қойып, өздерінің оқу және кәсіби өсу жолдары жайлы әңгімелерімен бөлісті.

Лондон «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары әлемдегі жетекші бағдарламалар бойынша білім алатын қалалардың бірі ретінде танылды. Қазақстандық стипендиаттар оқып жатқан негізгі университеттер арасында:

  1. Imperial College London
  2. University College London (UCL)
  3. King’s College London
  4. London School of Economics and Political Science (LSE)
  5. Queen Mary University of London

Ұлыбританияда білім алып жатқан 297 стипендиаттың ішінде 54 стипендиат Лондонда магистратура, докторантура, сондай-ақ кәсіби және ғылыми тағылымдамадан өтуде. Жалпы алғанда, 89 стипендиат Ұлыбританияда ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

Әлия Оспанова диссертациялар бойынша цифрлық қор құру туралы да айтып, қатысушылар арасында оң пікір туғызды. Стипендиаттар бұл жоба оларға ғылыми зерттеулерге қол жеткізіп, жұмыстарын жақсартуға көмектесетінін атап өтті. Көптеген қатысушылар мобильді қосымша, цифрлық платформа және келісімшарттарды электронды түрде қол қою мүмкіндігі сияқты цифрлық құралдарды енгізу бағдарламамен өзара әрекеттесуді айтарлықтай жеңілдетіп, жеделдеткеніне алғыстарын білдірді.

Стипендиаттар Лондонда оқып жүргендегі өздерінің бейімделу қиындықтары, табысты жобалары және ғылыми жетістіктері туралы әңгімелерімен бөлісуге құлшына кірісті. Олар бағдарлама болашағы және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері жайлы сұрақтар қойды.

Кездесуге елшілік өкілдері де қатысып, консулдық есепке тұру және басқа да мәселелерді талқылады.

фото 1.jpg