Өзекті жаңалықтар мен анонстар
06/11/2025
Азамат Дүйсембаев – халықаралық «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегіАзамат Дүйсембаев – халықаралық «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Маркетинг және рекрутинг басқармасының басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
2024–2025 жылдары ол АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Джордж Вашингтон университетінде «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Осы кезеңде Азамат Алдашұлы «Жоғары білімдегі корпоративтік басқару: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында зерттеу жүргізіп, АҚШ жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару тәжірибес
06/11/2025
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жаңа цифрлық серігі – «Bolashak AI» Telegram-ботты пилоттық режимде іске қосты«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жасанды интеллект технологияларының негізінде Telegram-бот әзірледі. Бұл – Орталық қызметтеріне қолжетімділікті жеңілдететін және пайдаланушы сұрақтарына жедел жауап беретін заманауи шешім.
Енді мамандардың жауабын күтіп немесе Орталыққа жүгінудің қажеті жоқ – чатқа сұрағыңызды қойсаңыз болғаны, бот мазмұнды жауап береді.
Әрбір сұраныс жүйеде автоматты түрде тіркеледі және кеңес алу қызметі тәулік бойы (24/7) онлайн форматта қолжетімді болады.
Навигацияға ыңғайлы болу үшін сұрақтың тілі (қазақ және орыс тілінде) берілген және оқу бағдарламаларын таңдау м
31/10/2025
«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылдыНАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құрметті ғалымдар мен зерттеушілер қауымы!
Елдің ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға бағытталған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі 2025 жылғы 19 қарашаға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз!
Ғылыми тағылымдама – тек шетелде білім жетілдіру емес, ол – әлемдік ғылыми қауымдастықпен байланыс орнату, жаңа әдістемелер мен инновациялық технологияларды меңгеру, зерттеу бағытын халықаралық деңгейге көтеру жолындағы маңызды қадам. Өз әлеуетіңді жүзеге асыру мүмкіндігін жіберіп алма – халықаралық ғылыми тәжірибенің қатысушысы бол!
Ү
30/10/2025
Айбар Серик, «Болашак» бағдарламасының түлегі, Komatsu Central Asia компаниясының продакт-менеджері және қолданбалы инженеріАйбар Серік — «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі. Ол Ұлыбританиядағы Йорк университетінде «Инженерлік менеджмент» (MSc Engineering Management) мамандығы бойынша магистратураны табысты тәмамдаған.
Бүгінде Айбар Komatsu Central Asia компаниясында өнім менеджері және қолданбалы инженер қызметін атқарып, басқарушылық пен техникалық бағыттарды ұштастырып келеді. Ол зауыт пен дилерлер арасындағы өзара байланысты тиімді ұйымдастырады, тапсырыс берушілермен тұрақты байланыс орнатып, өндірістік жағдайларды талдау мен оңтайландыру арқылы клиенттердің еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Бұғ
29/10/2025
Қазақстан мен Гонконг: инженерия мен цифрлық технологиялар бағытындағы «Болашақ» мүмкіндіктері2025 жылғы 23–27 қазан аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов Гонконг қаласына (Арнайы әкімшілік аудан) жұмыс сапарымен барып, академиялық және технологиялық орта өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Сапар барысында Hong Kong University вице-президенті профессор Jay Siegel және City University of Hong Kong вице-президенті профессор Wen Jung Li-мен келіссөздер жүргізіліп, «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар ғылыми тағылымдамалар бағытындағы серіктестікт
24/10/2025
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымы Республика күнін салтанатты түрде атап өтті25 қазан – Республика күніне орай «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да мерекелік жиын өтті. Іс-шара еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты символына айналған мерекеге арналған рухты да әсерлі форматта ұйымдастырылды.
Жиынды Басқарма төрағасы Әділ Құсманов ашып, барша ұжымды айтулы күнмен құттықтады. Өз сөзінде ол:
«Республика күні – бұл біздің тәуелсіз ел ретінде қалыптасқан рухымыздың, елдік санамыздың және біртұтас болашағымыздың мерекесі. Қазақстанның интеллектуалды әлеуетін арттыруда, жас буынды әлемдік білім кеңістігіне шығару ісінде біздің Орталықтың атқарып отырған рөл
20/10/2025
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде өткен ғылыми семинарда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А. Құсмановтың баяндамасы17 қазан күні Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі адами капиталдың дамуы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен бір топ студенттер қауымы қатысты. Қатысушылардың қатарында құрметті қонақ ретінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Миратұлы Құсманов болды.
Өз сөзінде Әділ Құсманов Орталықтың қызметі, «Болашақ» бағдарламасы және «Ғылыми тағылымдамалар» жобасының мүмкіндіктері жөнінде баяндады. Ол жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру жүй
19/10/2025
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылғы 20 қазаннан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшедіНазар аударыңыз!
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылғы 20 қазаннан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшеді.
Жұмыс уақыты: 08:00–17:30
Түскі үзіліс: 12:30–14:00
Орталыққа келу немесе байланыс жасау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша біз әрқашан байланыстамыз және қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасауға дайынбыз.
Құрметпен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ