BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

01/07/2023

ХБО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ «ӨСКЕНДЕ КІМ БОЛАСЫҢ?» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕК-ТӘЛІМГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Өскенде кім боласың?» әлеуметтік жобасы аясында қатысуға ниет білдірген «Болашақ» бағдарламасының түлектері әлемнің үздік жоғары оқу орындарында алған мамандықтарын, мансап жолдарын, білімдері мен дағдыларын таңдаудағы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, воркшоптар, шеберлік сыныптары, оқыту және түсіндіру семинарларын өткізді.

«Аталмыш жобаның мақсаты қазақстандық оқушыларға кәсіби бағдар беру. Бүгінгі таңда «Болашақ» стипендиясының 150 - ден астам түлегі менторлық бойынша ерікті болды»,- деді Олжас Сәкенов.

«Болашақ» тәлімгерлерінің қатарында инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық

Толық оқу
бөлісу

30/06/2023

ӘЗеРБАЙЖАНДА ОҚУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

Үкіметаралық гранттар аясында Әзербайжанның ЖОО-ларында оқуға ұсынылған қазақстандықтардың тізімі жарияланды.

Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылған үміткерлер тізіміне мынадай үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша орташа балы ең жоғары үміткерлер кірді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.

Қорытынды комиссия оқуға ұсынылған үміткерлер тізіміне 7 кандидатты қосты.

Білім беру грантын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Ұсынылған үміткерлердің тізімі

Толық оқу
бөлісу

30/06/2023

ВЕНГРИЯНЫҢ ЖОО-НА ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Үкіметаралық гранттар бойынша Венгрияның жетекші университеттерінің грантын иеленушілердің тізімі жарияланды.

Тізімі

Толық оқу
бөлісу

29/06/2023

ЕГИПЕТТЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ

Египет Араб Республикасының Жоғары білім министрлігі Египеттің жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқуға құжаттарды қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Өтінімдер «Study in Egypt» электрондық платформасы арқылы қабылданады.

Толығырақ

Толық оқу
бөлісу

26/06/2023

24 маусым күні «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30-жылдығына орай V Спартакиада өтті

Бағдарлама түлектері арасындағы спорт додасын Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» және «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырды.

Жарыста футбол, баскетбол, үстел теннисі, асық ату, шахмат және арқан тарту сынды спорт түрлерінен 80-ге жуық қатысушы бақ сынады.

Іс-шараның ашылу салтанатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов және «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Алмас Құдайберген сөз сөйледі.

«Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы қазақ

Толық оқу
бөлісу

23/06/2023

Маңызды!

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Болашақ"стипендиясын тағайындауына байланысты шарттар жасау кезеңінде орталық қызметкерлерінің жоғары жүктемесі себебінен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімге кепіл затын ауыстыруға өтініштерді қабылдауды тоқтата тұратынын хабарлайды.

Толық оқу
бөлісу

22/06/2023

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ГРАНТТАР ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

«Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар ...

Толық оқу
бөлісу

22/06/2023

Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен 182 қазақстандық азаматқа «Болашақ» стипендиясы берілді. Олардың ішінде 149 стипендиат магистратурада, 7 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, ал қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Сонымен қатар Комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми ...

Толық оқу
бөлісу