Жарияланған күні:

АДАТ ӘДІЛХАН: «БОЛАШАҚ» ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ИННОВАЦИЯЛАРЫНА ҚАЛАЙ ЖОЛ АШТЫ

Адат Әділхан 2018 жылы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша «құрылыс менеджменті» мамандығы бойынша оқыды. Қазақстанға оралғаннан кейін Адат ModeX алғашқы заманауи модульдік зауытының құрылысына қатысты, соның арқасында 3 апта ішінде инфекциялық аурухана салынды. Ол өзінің ең үлкен арманы – еліміздің маңызды инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға үлес қосу екенін мойындайды.

«Лондон мені өзінің керемет ғимараттарымен таң қалдырды. Әр ел өзінің ерекше сәулетімен есте қалады.

Мен үшін архитектуралық ерекшеліктерден гөрі ғимараттардың адамдарға қанша уақыт және қалай қызмет ететіндігі маңызды екенін түсіндім. Дәл осы кезде пандемия басталды және біздің көптеген отандастарымыз тыныс алуда және жалпы медициналық көмекке қол жеткізуде қиындықтарға тап болды. Ауруханалардағы орындардың жетіспеушілігінен кейбір адамдар қажетті көмек ала алмағанын және үйде қайтыс болғанын білеміз...

Бұл оқиғаларды еске түсіру өте қиын.

Елдегі ең қиын уақытта менің шетелде алған білімім сынақтан өтті. Қазақстанда алғашқы заманауи ModeX модульдік зауыты салынды, соның арқасында 3 апта ішінде инфекциялық клиника салынды. Жалпы 15 аурухана салынды.

Шекаралар жабылғандықтан, біздің инженерлік-техникалық қызметкерлер шетелдік мамандардың орнына іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізумен айналысты. Пандемия біздің де қолымыздан шетелдіктер жасап жүрген істерді жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Сыналдық, сынақтан өттік.

Бұл жағдайлар менің құрылыс саласына деген көзқарасымды түбегейлі өзгертіп, шынайы құштарлығымды оятты. Осылайша, құрылыстың қарқын алуына, Қазақстанның әлемге дәл осы тұсынан танылуына септігін тигізсем деймін. Бізде ол үшін барлық мүмкіндік бар. Осы орайда академик, менің ауылымнан шыққан Қаныш Сәтпаевтың жолындағы қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, ел мүддесі үшін Ертіс суын Сарыарқа даласына көшіртіп, канал салғызғанын айтқым келеді. Табандылық танытқан ғалымның бұл еңбегі өлшеусіз. Мен де өмірлік жолымда халыққа пайдам тиетін із қалдырсам деймін.

Білім ал да, еңбек ет. Табысқа жол ашық!»,- деп бөлісті Адат.

фото 1.jpg

фото 2.jpg