BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

04/10/2023

АМЕРИКАДА XX ҒАСЫРДА БАСЫЛҒАН ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ ТАБЫЛДЫ

АҚШ астанасындағы The George Washington University-де «Болашақ» бағдарламасы аясында журналистика саласы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан ақын,журналист Дүйсенәлі Әлімақын өз зерттеу тақырыбы барысында Вашингтон қаласындағы үлкен кітапханалардың бірі Gelman кітапханасынан қазақтың 19 ертегісі енген,1968 жылы Ныю-Йоркте баспадан шыққан «Stories of Steppes» атты кітапты тапқанын айтты. Аталған еңбектің авторы - америкалық жазушы,зерттеуші Mary Lou Masy. Кітапқа қазақтың «Алдар көсе», «Жалғыз көзді дәу», «Ақылды ұры», «Ер Қосай батыр» сияқты ертегілері еніп,халқымыздың тұрмысына қатысты суретт

Толық оқу
бөлісу

04/10/2023

ТӘЖІКСТАН УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ ТҮСКЕН ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Үкіметаралық гранттар аясында Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарына түскен қазақстандықтардың тізімі жарияланды.

Тәжікстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға грант иегерлерінің тізіміне үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлер кірді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.

Қорытынды конкурстық комиссия тізімге 14 жеңімпазды енгізді.

Тізімі

Толық оқу
бөлісу

02/10/2023

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ СИДНЕЙ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

29 қыркүйекте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен University of Sydney ЖОО-мен меморандум жасалды. Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы маңызды бастамаларды және ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Меморандум аясында Сидней университеті төмендегі жеңілдіктерді ұсынады:

  1. «Болашақ» стипендиясы шеңберінде Инженерлік мамандықтар бойынша докторантурада оқуға 10 грант;

  2. ЖОО-ға түсуге өтініш бергені үшін төлемақыдан босату;

  3. Магистратура бағдарламасы бойынша оқуға 20 пайыздық жеңілдік;

  4. Сидней университетінде оқу бағдарламалары мен мамандықтар туралы вебинарлар өткізу.

Ай

Толық оқу
бөлісу

28/09/2023

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» «TEACH FOR QAZAQSTAN» МЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін біздің орталық пен "Teach for Qazaqstan" Қоғамдық Қоры арасында білім беру саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында тараптар бірқатар маңызды бастамаларды талқылады. Сонымен қатар ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында бірлескен жұмыстарды атқаруға дайын екендігін айтты.

Толық оқу
бөлісу

27/09/2023

ХБО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ЖАПОН ЕЛІНІҢ ДИПЛОМАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Жапония Елшілігінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Дипломат, Ақпарат және мәдениет бөлімінің басшысы Еко Секигучимен кездесті.

«Болашақ» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда Жапонияда 7 адам білім алуда, ал жалпы «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында барлығы 58 адам оқуды аяқтады. Айта кетейік, Жапонияның жеті жоғары оқу орны академиялық оқуға арналған тізімде бар. Мысалы, Hokkaido University, Kyoto University, Nagoya University, Osaka University, Tohoku University, Tokyo Institute of Technology, Univers...

Толық оқу
бөлісу

27/09/2023

Корея Республикасы шетелдік мамандар үшін оқу бағдарламасын ұйымдастыруда

Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі жасыл дамуды қолдау мақсатында шетелдік мамандар үшін «Экологиялық саясат саласындағы болашақ жаһандық көшбасшылар» мамандығы бойынша 2024-2025 жж. екі жылдық оқу бағдарламасын ұйымдастыратынын хабарлаймыз.

Аталған магистратура бағдарламасына 34 елден 216 студенттің қатысуы жоспарлануда және оған қатысты шығындарды (оқу ақысы, жатақхана, шәкіртақы, әуе көлік, корей тілі сабағы, медициналық сақтандыру және т.б.) ұйымдастырушы тарап толығымен өтейді.

Қарастырып, қызығушылық танытқан қызметкерлер болған жағдайда, келесі байланыстар арқылы байланысу

Толық оқу
бөлісу

21/09/2023

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ EDUCATION MALAYSIA GLOBAL SERVICES КОМПАНИЯСЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

21 қыркүйекте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Education Malaysia Global Services арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында білім беру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Айта кетейік, Малайзия мемлекетінде тағылымдамадан 148 адам өткен. 2023 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жетекші шетелдік ұйымдардың, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімінің қолданыстағы редакциясында Малайзияның Universiti Kebangsaan Malaysia, Universiti Malaya, Universiti Putra Malaysia, Universiti Sains Malaysia, and Universiti сияқты 5 ұйымы м

Толық оқу
бөлісу

20/09/2023

ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Польша Республикасының Елшісі Селим Хазбиевичпен кездесті.

«Болашақ» стипендиясы аясында Польшада 67 маман дайындалды. Олардың басым көпшілігі гуманитарлық, инженерлік және медициналық бағыттағы мамандықтарды таңдаған. Сондай ақ, Польша елінің барлық университеттерінде Болон процесі еңгізілген. Поляк университеттеріне түсуге ниетті талапкерге техникалық және медициналық мамандықтардан бастап экономикалық, қаржылық және гуманитарлық бағыттар бойынша білімін шындай алады.

(500 ғалым) ғылыми тағылымдамалар санаты бойынша стип

Толық оқу
бөлісу