BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

25/06/2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Астана ұлттық зертханасының кездесуі

2025 жылғы 25 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы атынан Басқарма төрағасы А. Құсманов пен Басқарма төрағасының орынбасары А. Рахмет Назарбаев Университетінің базасында орналасқан Астана ұлттық зертханасының (NATIONAL LABORATORY Astana) өкілдерімен кездесті.

Ұлттық зертхана тарапынан зертхананың бас директоры, профессор Дос Сарбасов, Энергетика және озық материалдар орталығының директоры (Center for Energy and Advanced Materials), доктор Жұмабай Бакенов, сондай-ақ Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры (Center for Life Sciences), доктор Айнұр Ақылжанова қатысты.

Аста

Толық оқу
бөлісу

23/06/2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2025 жылғы 20 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ (ҰБОО) арасында жұмыс кездесуі өтті, оның шеңберінде қос тарап медициналық білім беру және кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

ҰБОО тірек-қимыл аппараты бұзылған, неврологиялық бұзылулары бар және басқа да диагноздары бар балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін елдің жетекші мекемесі. Орталық роботтандырылған механотерапияны, кәсіптік терапияны, логопедиялық түзетуді, нейропсихологиялық және физикалық оңалтудың заманауи технологиялары

Толық оқу
бөлісу

20/06/2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Дүниежүзілік банк «Болашақ» бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау тәсілдерін талқылады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов Дүниежүзілік Банктің аға экономисі Метин Небилермен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау тәсілдері мен әдістемесі талқыланды.

Тараптар бағдарламадан болатын әсердің сандық және сапалық индикаторларын қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық бағалау моделін құру тәсілдерін қарастырды.

Тараптар бағдарламаның орта және ұзақ мерзімді әсерін талдауға жүйелі тәсілдің маңыздылығын және одан әрі ынтымақтастықта болуға дайын екенін атап өтті.

14.jpg

15.jpg

Толық оқу
бөлісу

18/06/2025

МАРОККОНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 20 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

Марокко Корольдігі серіктес елдерге 2025-2026 оқу жылына арналған Марокконың жоғары, техникалық және кәсіптік мемлекеттік оқу орындарында стипендиямен 20 оқу грантын ұсынады.

Оқу деңгейлері: Бағдарлама үміткерлерге Марокконың жетекші университеттерінде келесі деңгейлер бойынша білім алуға мүмкіндік береді:

  • Бакалавриат;
  • Магистратура;
  • Докторантура.

Оқыту тілі: Мароккодағы көптеген оқу орындарында оқытудың негізгі тілі – француз тілі. Ғылыми, техникалық және экономикалық бағыттарын таңдаған, бірақ француз тілін меңгермеген үміткерлер Рабат қаласындағы Халықаралық тілдер орталығында AMCI ұйымд

Толық оқу
бөлісу

17/06/2025

Stipendium Hungaricum грант иегерлерінің тізімі жарияланды

2025-2026 академиялық жылға арналған үкіметаралық гранттар шеңберінде Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған Қазақстандықтардың түпкілікті тізімі жарияланды.

Білім беру гранттарын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Грант оқу ақысын, стипендияны, жатақханада тұруды немесе жалға берілетін тұрғын үйге ақы төлеуді, сондай-ақ медициналық сақтандыруды қамтиды. Қосымша шығындарды грант иегерлері өз бетінше өтейді.

Грант иегерлерінің тізімі

Толық оқу
бөлісу

17/06/2025

Халықаралық бағдарламалар орталығы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған онлайн-эстафетаны іске қосады

Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуын мерекелеу аясында Халықаралық бағдарламалар орталығы ұлы ақын мен ойшылдың шығармаларын оқу бойынша онлайн-эстафетаны іске қосады.

Абай Құнанбаев - рухани мұраны, білімге деген ұмтылысты және адамгершілік кемелдікті бейнелейтін қазақ халқының көрнекті ұлы. Оның философиялық тереңдікке және әмбебап адами құндылықтарға толы еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді, қазіргі ұрпақты жеке және қоғамдық дамуға, адалдыққа және Отанға қызмет етуге шабыттандырады.

Абай шығармалары - өткен мен болашақты, мәдениет пен прогресті біріктіретін даналы

Толық оқу
бөлісу

14/06/2025

Жанат Момынқұлов: Ғылыми және сараптамалық мансаптағы халықаралық тағылымдаманың тәжірибесі

Жанат Момынқұлов - шығыстанушы-саясаттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының аға оқытушысы. Миннесота университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өткен түлек, ол алты тілді біледі және кең академиялық және сараптамалық тәжірибеге ие.

АҚШ-тағы тағылымдама оның кәсіби дамуының маңызды кезеңі болды:

  • Академиялық көшбасшылық мәдениетіне ену;
  • Отарсыздандыру тәсілдері мен сапалы зерттеу әдістерін игеру;
  • Халықаралық байланыстарды дамыту және ЖОО аралық жобаларға қатысу.

«Миннесота университетінде тағылымдамадан өту маған ғылыми сәйкестікті қайта ...

Толық оқу
бөлісу

12/06/2025

Қытай үкіметінің Қазақстан азаматтарына арналған 35 стипендиясы

2025 жылы Қытай Халық Республикасының Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халық үкіметі Қазақстан азаматтары үшін арнайы білім беру (колледж), бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 35 (елу) оқу гранттарын бөлгендігін хабарлайды. Шетелдік студенттерге тілдік дайындық курстары қарастырылған.

ЖОО-лар мен мамандықтар тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Талаптары:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • бакалавриатқа, арнайы білім беру (колледж) үміткерлердің орта мектеп бітіргені туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс;
  • магистратураға үмітке
Толық оқу
бөлісу