Жарияланған күні:

Нұрлан Нұрабаев: геолог-мұнайшы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі

Нұрлан Нұрабаев - геолог-мұнайшы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Аймақтық геология және бассейндік талдауға маманданған, сейсмикалық деректерді түсіндіру және геологиялық модельдеу (Petrel, Opendect Pro, Techlog) үшін озық бағдарламалық жасақтаманы қолдану тәжірибесі бар.

Нұрлан Манчестер университетін (Ұлыбритания) «Мұнай – газ» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Оқу барысында көмірсутек кен орындарын барлау, бағалау және игеру саласында терең білім алды, мұнай жүйелері мен шөгінді бассейндерді бағалау әдістерін түсінудің негізгі дағдыларын дамытты.

Қазақстанда және Ұлыбританияда дала жұмыстарының тәжірибесін көрсетіп, экспозицияларды зерттеуден құнды ақпарат алды. Перспективаларды бағалау жобасында көпұлтты команда құрамында тиімді жұмыс істеді.

Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жетекші инженер – геолог-барлаушы болып жұмыс істейді. Стратегиялық жоспарлаумен, қорлар мен тәуекелдерді бағалаумен, геомодельдер құрумен және гео лицензияларды талдаумен айналысады. ҚМГ ресурстық базасын қалыптастыруға қатысады және мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі жобалардың табыстылығына жәрдемдесу үшін техникалық дағдылар мен салалық білімді пайдалануға ұмтылады. 2020 жылы бүкіл әлем бойынша Halliburton Landmark Earth Model Award сыйлығының топ-5 финалистерінің қатарына енді.

SPE Petrobowl өңірлік іріктеу турнирінде екінші орын алды, Каспий өңірі, 2019 жыл.