Өзекті жаңалықтар мен анонстар
27/01/2023
Шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр«500 ғалым» жобасы аясында шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. Бұл бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында бекітілген.
Жетекші мамандар мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, әлемнің үздік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен салалық ұйымдарында бірлескен зерттеулер жүргізеді.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы өтініштерді қабылдауды және ғалымдарды іріктеуді өткізеді. Былтыр біз ғалымдарды іріктеудің жаңа ережелерін әзірледік. Осыны
25/01/2023
РУМЫНИЯ ЖОО-ЛАРЫНДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАРҚазақстан азаматтары Румынияның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқи алады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер онлайн қабылданады - https://scholarships.studyinromania.gov.ro/
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 жылғы 1 наурызға дейін.
Айта кетейік, грант медицина, стоматология және фармацевтика бағыттары бойынша тағайындалмайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар диплом, транскрипт, жеке куәлік немесе төлқұжат, түйіндеме және т.б. тапсырады.
Грант оқу, тұру шығындарын өтейді, сондай-ақ ай сайын стипендия төленеді.
Толық
25/01/2023
TÜRKIYE BURSLARI БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫTürkiye Burslari бағдарламасы аясында қазақстандықтарға Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бакалавриатында және магистратурасында білім алу мүмкіндігі ұсынылады. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдер стипендиялық бағдарламаның ресми сайтында онлайн қабылданады https://tbbs.turkiyeburslari.gov.tr/
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 20 ақпанға дейін.
Бағдарлама оқу, тұру, медициналық сақтандыру және т.б. шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер төлқұжат немесе жеке куәлік, алған білімін куәландыратын аттестат неме
24/01/2023
Индонезия Республикасында оқуға арналған білім беру гранттарыИндонезия Республикасы Үкіметінің KemitraanNegaraBerkembang стипендиялық бағдарламасы шеңберінде қазақстандықтарға Индонезияның жоғары оқу орындарында бакалавриатта, магистратурада және докторантурада оқу үшін білім беру гранттары бөлінді.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді стипендиялық бағдарламаның ресми веб-сайты арқылы онлайн тапсыру қажет -http://knb.kemdikbud.go.id/.
Өтінімдер 2023 жылғы 15 ақпанға дейін қабылданады.
Стипендия оқу, медициналық сақтандыру, ұшып қайту шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайын стипендия төленеді.
Стипендиялық бағдарлама, үміткерлерге қойылатын т
24/01/2023
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы деректеріне сәйкес, Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастыратын «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World's Top 2% Scientists) рейтингіне «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегі кірді.
Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқорды қамтиды. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар ұсынылса, екіншісінде - соңғы жылдағы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілген.
Scopus ба
23/01/2023
Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша елдер географиясыШетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады.
Қазақстандық ғалымдар мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында бірлескен зерттеулер жүргізе алады. Олардың арасында АҚШ-тың (Columbia University, Massachusetts Institute of Technology, Apple Inc, Microsoft Corp, Google Inc), Ұлыбританияның (Kings College London, University of Oxford), Жапонияның (Tokyo Institute of Technology, Toyota Group) және т.б. елдердің университеттері мен халықаралық компаниялары бар.
Жалп
20/01/2023
АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ШЕТЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІАлматы облысы Қарғалы ауылындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Фариза Мухатова мен Бану Абдраимова «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның университетінде біліктілігін арттырады. Шетелде олар қашықтан оқыту әдіснамасы және әдістемесін зерттейтін болады.
«Өскелең ұрпаққа білім беруде ұстаздың үздіксіз дамуы маңызды деп ойлаймын. «Білімді ұстаз - білімді оқушы» қағидасын ұстанамын. Ұлыбританияда қашықтан оқыту әдістемесін зерттейтін боламын. Менің ойымша, бұл қазіргі заманда, әсіресе ауыл мұғалімдері үшін өзекті тақырып. Шетелде біліктілігімді арттырып, алған білімімен әріптесте
19/01/2023
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 50-ГЕ ЖУЫҚ ТҮЛЕГІ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің Павлодар және Түркістан облыстары жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған «Өскенде кімі боласын?» атты тәлімгерлік жобасы басталды.
«Болашақ» бағдарламасының 50-ге жуық түлегі жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. 9-11 сынып оқушыларына мамандықты таңдауға көмектесуге ниет білдірген болашақтықтар жобаға қатысады. Сондай-ақ, олар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында алған білімі мен дағдыларымен бөліседі.
«Еліміздің ауылдары мен шалғай өңірлерінен балаларды қолдау білім берудің аса маңызды мәселелеріні