Жарияланған күні:

ХБО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ЖАПОН ЕЛІНІҢ ДИПЛОМАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Жапония Елшілігінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Дипломат, Ақпарат және мәдениет бөлімінің басшысы Еко Секигучимен кездесті.

«Болашақ» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда Жапонияда 7 адам білім алуда, ал жалпы «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында барлығы 58 адам оқуды аяқтады. Айта кетейік, Жапонияның жеті жоғары оқу орны академиялық оқуға арналған тізімде бар. Мысалы, Hokkaido University, Kyoto University, Nagoya University, Osaka University, Tohoku University, Tokyo Institute of Technology, University of Tokyo университеттері. Стипендиаттар арасында ең танымал мамандықтар – «Химия», «Энергетикалық технологиялар және жүйелер», «Жылу физикасы және теориялық жылу техникасы. Жылу энергетикасы», «Жалпы хирургия», «Радиотехника. Электроника. Телекоммуникация».

Қызықты факт: 2017 жылы Күншығыс елі әлемдегі жоғары білімі бар ересектердің үлесі бойынша үшінші орынды иеленді.

фото.jpg