Жарияланған күні:
21 қыркүйекте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Education Malaysia Global Services арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында білім беру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Айта кетейік, Малайзия мемлекетінде тағылымдамадан 148 адам өткен. 2023 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жетекші шетелдік ұйымдардың, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімінің қолданыстағы редакциясында Малайзияның Universiti Kebangsaan Malaysia, Universiti Malaya, Universiti Putra Malaysia, Universiti Sains Malaysia, and Universiti сияқты 5 ұйымы мен Universiti Teknologi Malaysia ЖОО-ры бар.
Стипендиаттар арасында ең көп таңдалатын бағыт -техникалық мамандық. Ол 85 %-ды құрайды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамытуды кеңейту үшін белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.