Жарияланған күні:

ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Польша Республикасының Елшісі Селим Хазбиевичпен кездесті.

«Болашақ» стипендиясы аясында Польшада 67 маман дайындалды. Олардың басым көпшілігі гуманитарлық, инженерлік және медициналық бағыттағы мамандықтарды таңдаған. Сондай ақ, Польша елінің барлық университеттерінде Болон процесі еңгізілген. Поляк университеттеріне түсуге ниетті талапкерге техникалық және медициналық мамандықтардан бастап экономикалық, қаржылық және гуманитарлық бағыттар бойынша білімін шындай алады.

(500 ғалым) ғылыми тағылымдамалар санаты бойынша стипендиаттар «Жасанды интеллект», «Инклюзивті білім беру», «Гуманитарлық ғылымдар саласындағы Менеджмент», «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандықтарын таңдайды.

Кездесу барысында тараптар ғылыми тағылымдама және «Болашақ» стипендиясы аясындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерге ерекше назар аударды.