Жарияланған күні:

Корея Республикасы шетелдік мамандар үшін оқу бағдарламасын ұйымдастыруда

Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі жасыл дамуды қолдау мақсатында шетелдік мамандар үшін «Экологиялық саясат саласындағы болашақ жаһандық көшбасшылар» мамандығы бойынша 2024-2025 жж. екі жылдық оқу бағдарламасын ұйымдастыратынын хабарлаймыз.

Аталған магистратура бағдарламасына 34 елден 216 студенттің қатысуы жоспарлануда және оған қатысты шығындарды (оқу ақысы, жатақхана, шәкіртақы, әуе көлік, корей тілі сабағы, медициналық сақтандыру және т.б.) ұйымдастырушы тарап толығымен өтейді.

Қарастырып, қызығушылық танытқан қызметкерлер болған жағдайда, келесі байланыстар арқылы байланысуға болады:

  • Korea Environmental Industry & Technology Institute (KEITI):

Тел.: +82-32-540-2247, факс: +82-32-540-2251; эл.пошта: shshin@keiti.re.kr, www.keiti.re.kr/site/eng/main.do

  • International School of Urban Sciences (ISUS), University of Seoul:

Тел.: +82-2-6490-5159 / +82-2-6490-5157, факс: +82-2-6490-5141, эл.пошта: mglep@uos.ac.kr, www. mglep.net, isus.uos.ac.kr/

Жоғарыда аталған ақпаратты АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ресми сайтында орналастыру қажеттігін хабарлаймыз.

Сауалнама

Корея Республикасы министрлігінің хаты

Бағдарлама туралы ақпарат