Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

15/04/2022

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ 23 ЖЕТЕКШІ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕТЕЛДІК ЖОО-МЕН ТОЛЫҚТЫ

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік ЖОО-ның тізімі кеңейтілді. Тізімге 23 жетекші шетелдік техникалық университет енді.

Осылайша, Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасын қайта бағдарлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл тізімде Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Пхохан ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және т.б. бар.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауға басымдық техникалық мамандықтарға беріліп келеді. Биыл грантт

Толық оқу
бөлісу

13/04/2022

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАН ПАРАМАУНТ ИНЖИНИРИНГ» ЗАУЫТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың инженерлік-техникалық мамандықтардың тартымдылығын арттыру мақсатында білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігі туралы тапсырмасын орныдау аясында, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Ә.Жанғозин броньды дөңгелекті машина шығаратын «Қазақстан парамаунт инжиниринг» зауытына барды. Онда кәсіпорынның конструкторлық бюросымен және заманауи бронетранспортерлер шығарудың Орталық Азиядағы бірегей технологиясымен танысты.

Іс-шара барысында Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы кәсіпорын басшылығымен және мамандарымен елімізд

Толық оқу
бөлісу

12/04/2022

Ғылым күнімен!

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қазандағы № 164 Жарлығымен ғылым қызметкерлері күні бекітілді. Бұл күннің осы атауға ие болуының бірден-бір себебі – Қаныш Сәтбаев. Себебі дәл бүгін қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген күн.

Ғылыми жаңалықтар, зияткерлік қызмет әрқашан да табысты дамудың негізі әрі мемлекет өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және болып қала бермек.

Халықаралық бағдарламалар орталығы өзінің ғылыми жобаларын табысты іске асыра отырып, қазақстандық және әлемдік ғылым саласы

Толық оқу
бөлісу

08/04/2022

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИАТЫ АҚШ-ТА БАЛАЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Әсел Әбілдаева Лос-Анджелес қаласындағы Оңтүстік Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, бос уақытында Qazaq Community California аясында балаларға Қазақстан тарихы мен қазақ тілін үйретеді. Әсел балаларға арналған оқу бағдарламасын әзірледі. Ол өзінің сабақтарында геймификация элементтерін белсенді қолдана отырып, қазақ тілін жеңіл әрі қызықты етіп үйретуде.

«Менің ойымша, шетелде тұратын отандастарым, әсіресе балалар ана тілін, мәдениетін, халқының тарихын білуі керек.

Балалар қазақ тілін, еліміздің тарихын қуана оқиды. Мен оларға ұл

Толық оқу
бөлісу

07/04/2022

Польшада оқу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 15 сәуірге дейін ұзартылды

Құрметті Польшаға үкіметаралық гранттарға үміткерлер, құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 15 сәуір сағат 18:00-ге дейін ұзартылды.

Құжаттардың толық пакеті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на қолма-қол тапсырылады. Еске сала кетейік, құжаттарды үміткердің жеке өзі немесе оның сенім білдірілген адамы тапсыра алады. Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда - өкілде үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы міндетті.

Толық оқу
бөлісу

07/04/2022

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Халықаралық бағдарламалар орталығының Директорлар кеңесінің шешімімен Орталықтың басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Бейсенбекова Гүлнұр Жұмағалиқызы тағайындалды.

Ол Орталықтың қаржылық қызметіне, оның ішінде бюджеттік жоспарлау және «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының оқуын қаржыландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Гүлнұр Бейсенбекова 1983 жылы туылған. 2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде экономика жән

Толық оқу
бөлісу

05/04/2022

Әзірбайжанда оқуға 10 грант бөлінді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2017 жылғы 3 сәуірдегі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзербайжан үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2021-2022 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 10 оқу грантын ұсынады:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша 5 орын.

Оқу әзербайжан, орыс немесе ағылшын тілдерінде. Оқыту тілі немесе мамандығы бойынша тиісті білімі бар студенттер үшін дайындық жұмыстары ұйымдастырылады. Курстардың ұзақтығы - 6 ...

Толық оқу
бөлісу

04/04/2022

Халықаралық бағдарламалар орталығына 17 жыл толды!

2005 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.

Қызметінің негізгі мәні - шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.

17 жыл ішінде Орталық «Болашақ» халықаралық бағдарламасына бірқатар жаңғырту мен жетілдіруді жүргізді, ал 2018 жылдан бастап үкіметаралық гранттар әкімшісі болып табылады.

Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламас

Толық оқу
бөлісу